«Ұлттық спорт - ұлт келбеті»

image.png

Қазығұрт ауданы әкімдігінің қолдауымен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы»  КММ-нің ұйымдастыруымен жастар ресурстық орталығы қызметкерлері арасында қазақша күрес спорт түрінен “Ұлттық спорт - ұлт келбеті” атты сайысы өтті.

Бұл сайысты ұйымдастырудағы басты мақсат – бағзы заманнан бері бабамыздан баламызға мирас болып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық ойындарымызды жастар арасында кеңінен насихаттау болып табылады. Сондай-ақ қазақ халқының ұлттық ойындарын, салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын дәріптеу, туған елге, жерге, өз Отанына деген жастардың сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай түсуге, ұлттық ойындар арқылы жастарды белсенділікке, тапқырлыққа, дәлдікке, көрегенділікке және күштілікке тәрбиелеу.

Қазақ күресі — қазақтың ұлттық күресі. Қазақша күрес – қазақ халқының ерте кезден қалыптасқан спорт ойындарының бірі. Басқа халықтардың ұлттық күрес түрлерімен салыстырғанда қазақша күрестің өзіндік ерекшеліктері көп. Кеңес дәуіріне дейін қазақша күрес негізінен әдет-ғұрыпқа байланысты және еңбек процестерінде жеткен жетістіктерін дәріптейтін жиын-тойларда өткізілді. Қазіргі Қазақстанда бұл жекпе-жек өнер үлкен сұранысқа ие, ал қазақ күресі бойынша жарыстар мерекелер мен салтанаттарда жүргізіледі. 

Бабы мен бағы қатар шапқан сайыста қызметкерлер жүлделі орындарға ие болып бағалы сыйлық пен арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Ал, жарыс қорытындысына сәйкес жеңімпаздар тізімі төмендегідей:

1-орын: Сәленов Сапарәлі (150 000тг) 

2-орын: Тұрысбек Елдос (100 000тг)

3-орын: Әзімбай Нұршер (75 000тг)

Сонымен қатар, Бағдатов Алмас (Сайрам ауданы), Жүніс Жалғабай (Шардара ауданы)  ынталандыру 30 000 тг қаржылай сыйлықтарымен берілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Павлодарда өңірлік семинар өтті
  • Бас консулмен кездесу өтті
  • Фарит Аюпов құрметке бөленді
  • Аналар кеңесі мен медиация кеңесінің жұмыс барысы пысықталды
  • Ассамблея жастары елдік пен бірлік жайында пайымды пікір алмасты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер