«Ауылдағы бір күнім»

image.png

Қазығұрт ауданы әкімдігінің қолдауымен  Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың тәрбиелік мәні туралы дәріптеу, жастардың бойында отаншылдық қасиет пен ұлттық құндылықтар және рухани адамгершілік, имандылық қасиеттерді дамыту мақсатында «Ауылдағы бір күнім» атты облыстық реалити шоу сайысы өтті. 

Шараға , Қазығұрт ауданы әкімі Исмаилов Азизхан мен  Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты Молдасапаров Айбек Мықтыбайұлы, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы  Ернар Нұралыұлы қатысып, жеңімпаз командаларды марапаттады.

Сайыс ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың тәрбиелік мәнін кеңінен дәріптеу және жастардың бойында ұлттық құндылықтар мен рухани адамгершілік, имандылық қасиеттерді дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Үш кезеңнен тұратын сайыста салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты ер балалар ләңгі тебу, садақ ату, арқан тартыстан жарысқа түссе, қыз балалар ұлттық тағамдар әзірлеу, құрт әзірлеп, салт-дәстүр бойынша сұрақтар берілді. 

Біз әдетте, «Ауыл – тәрбие бесігі» дегенді жиі айтамыз. Расында, ауыл әу бастан қазақтың алтын тамыры. Осы орайда, «Ауылдағы бір күнім» шарасын ұйымдастырдық. Ондағы мақсатымыз – жастар арасында ұлттық салт-дәстүрлерімізді креативті оймен жаңғырту. Бұл жобада бар өнерлерін ортаға салған сайыскерлер бір сындажеңіліс тапса, келесі сында есе қайтарып, көрерменге тамаша көңіл күй сыйлады. Әсіресе, жастардың қой қырқу, ұлттық тағамдарды дайынкүйінде ұсыну сәті тартысты өтті. Өңірдің әртарапынан жиналған жастардың ептілігі мен еңбекке деген қабілеттерін ескере отырып қазыларалқасы әділ шешім шығарды», - деді Бектаев Ернар

Жарыс нәтижесіне сәйкес I орын Сарыағаш, Қазығұрт жастары (150 000тг), II орын Шардара (100 000тг), Созақ жастары, III орын Түркістан мен Сауран жастары (75 000тг), Ордабасы, Отырар, Келес, Жігерген жастары ынталандыру 30 000 тг қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Шара соңында “Жастар алауы” жағылып аудан әкімімен еркін форматта кездесу өтті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер