Облыс жастары «Таза Қазақстан» акциясын қолдауға шақырады

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Бұл бастаманы Түркістан облысының белсенді жастары қуанышпен қабылдап, тұрақты түрде тазалық жұмыстарын жүргізуде.

Акцияға Қазығұрт ауданының әкімі Исмаилов Азизхан мен Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты Молдасапаров Айбек, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Нұралыұлы қатысты.

Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту. 

Қоршаған ортаны қорғау арқылы Отанға деген патриоттық сезім оянады. Сондықтан, біз өз ортамызды, көшемізді, ауылымызды, қаламызды таза ұстауымыз керек. Арықтарды тазалап, бұлақ көздерін ашу жұмыстарын жалпы осы бағытта жұдырықтай жұмылып қызмет жасауды тоқтатпаймыз деді,- Қазығұрт аудандық мәслихат депутаты Молдасапар Айбек.

Аталған акцияға облыстың белсенді ерікті жастары, депутаттар, қоғам белсенділері, жастар орталығы қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер жалпы 150-ге жуық жастар қатысты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер