«Отаны бірдің-тілегі бір, жүрегі бір»

image.png

Этносаралық татулықты насихаттау мақсатында Кентау қаласына қарасты Байылдыр ауылы тұрғындарымен кездесу өтті. 

Елімізде әр этностың ана тілінде сөйлеуіне, сол тілде білім алуына, мәдениетін дамытуына барлық жағдай жасалған. Салт-дәстүрді сақтау, ел ынтымағы мен бірлігі жөнінде әжелер алқасының мүшесі Құралбаева Үрзада атап өтті. «Ұлт татулығы мен заң әділдігі берік орнаған елімізде ешкімді аз ұлт өкілі немесе саны көп ұлт өкіл деп бөлмейді. Бәрінің құқығы мен заңды күші бірдей екені екінің біріне белгілі. 

Ел халқының бірлігі мен келісімі, эмоциясы мен көңіл күйі адамның еліне, мемлекетіне деген сүйіспеншілік деп қарауға болады. Қазақ немесе орыс, өзбек немесе украин, армян немесе ұйғыр ұлты болсын, әрқайсы адамның көкірегінде, бойында мемлекетке дешен патриоттық рух, республикамызға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі бар екені анық. Қазақстанда республикасында өмір сүретін әрбір адам, елде тұратын барлық ұлт өкілдері арасындағы татулық пен бірлікті, достық пен тыныштықты мақтан тұтып айтып жүргені белгілі. Бұл көзқарастар Қазақстан қоғамының саяси әлеуметтік және экономикалық тұрғыдағы тұрақтылығының негізі тірегі болды деп санаймыз. Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстан республикасында кез келген дінді ұстануға рұқсат етілген, мемлекет әркімнің дін ұстану бостандығын құрметтейді және құрметпен қарайды»,- деп атап өтті ол. 

Тілге құрмет дегеніміз-оны меңгеруге, сол тілде сауатты сөйлеуге тырысу. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бейжай қарауға болмайды және тіл-қатынас құралы ғана емес, ол-ұлттың жаны, рухының үні екендігін ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бейітбаев Орынбасар жеткізді. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы  халыққа арнаған Жол¬дауында:  «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қа¬ты¬нас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есеп¬теймін» дей келе,   мемлекеттік тіл мұн¬дай дәрежеге жету үшін бәріміз даң¬ғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізу кере¬гін атап өткен болатын. Бұл межелі міндет те қазірдің өзінде қазақ тілін жатық білетін, күнделікті тұрмыста қолданып, мемлекеттік тілдің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген этнос жастары арасында қызу қолдау тауып, қарқынды жүзеге асуда. Қазақстан халқы Ассамблеясы түрлі ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді дамытуға арналған  түрлі шараларды ұдайы ұйымдастырып отырады»,- деді ақсақал. 

Бүгінде елімізде ұлтты ұйыстыру мен халықты біріктірудің басты факторына айналып отырған – мемлекеттік тіл. Тіл мен тәуелсіздік егіз ұғым. Тіл – кез келген ұлттың болмыс-бітімін даралайтын асыл қазынасы және тәуелсіздіктің тірегі, қазақ халқының қанына біткен ынтымаққа ынтызар пейілі мен бірлікке деген берекелі ниетінің өзегі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында: «Тіл – ұлттың тұғыры, ұрпақтың ғұмыры. Қазақ тілі қазақты әлемге таныта алады. Халықтың тілі – халықтың төлқұжаты. Мұны әрдайым есте ұстау керек. Біле білсек, ұлттық қауіпсіздік тілімізді қадірлеуден басталады», – деп өте орынды айтты. Өйткені, ана тіліміздің өткен ауыр жолдарын көрнекті қоғам қайраткерлері мен тіл ғалымдары, тарихшылар аз айтып жүрген жоқ. Уақыт көші оза келе сол қасиетті Ана тіліміздің Тәуелсіздік туына айналары сөзсіз. Өйткені, мемлекеттік тіл кешегі жардың шетінде, желдің өтінде тұрған заманнан өтті.

Бүгінде бұйырса, мемлекеттік тіл – ұлттық сана мен биік рухты қалыптастыруға апаратын сара жолға айналып келеді. Қоғамда қазақ тіліне деген қажеттілігі орныға бастады. Алдағы уақытта қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейте отырып, ұлт пен ұлысты ұйыстыратын ең басты құндылыққа айналдыруды мақсат етіп, үйлесімді тіл саясаты негізінде мемлекеттік тілдің толыққанды қолданысын қамтамасыз ету – әрбір қазақстандықтың, яғни, баршамыздың ортақ міндетімізге айналуы керек. Бүгінде мемлекеттік тілді білетін қазақтың да, өзге этнос өкілдерінің де үлесі едәуір артты. Қазақ тілін, шын мәнінде, бүкіл халқымыздың біріктіруші факторға айналдырудың барлық құқықтық тәсілдері және кепілдіктері қалыптастыру ең басты міндеттеріміздің бірі, бірегейі.

Түрлі этнос өкілдері әр түрлі себептермен қазақтың жеріне қоныс аударып, бүгінде тату-тәтті мекен етуде. Олар-Қазақстанның толыққанды азаматы. Ел өмірінің түрлі саласында қызмет етіп, мемлекеттің әл-ауқатын, экономикасын руханиятын дамытуға шама-шарқынша үлес қосуда екенін-"Қоғамдық келісім" КММ-нің Кентау қалалық филиалының маманы Құрманбаева Әлия айтып өтті. «Бір шаңырақтың астында түрі басқа, жүрегі бір, тілі басқа, тілегі бір этнос өкілдерінің өзара ынтымақта, ауызбіршілікте ғұмыр кешуі – ел тәуелсіздігінің басты құндылығы. Елдік пен бірліктің ұйытқысы болған ұйым Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы – егемен еліміз үшін үлкен жетістіктің бірі. Отыз үш жылға жуық уақыт қазақстандықтар бабамыздан бастау алған бірлікті ту етіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында бірлесе еңбек етуде. Біздің басты байлығымыз – қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық. Дана халқымыз «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан әсте жалықпаған. Бүгінде облысымызда 50-нен астам этнос өкілдері татулық пен бірлікте күн кешіп, өңірдің өркендеуіне үлес қосуда.

«Ел бірлігі – ең асыл қасиет» демекші, кез келген елдің тілегі де, арманы да халқының бейбітшілігі мен бірлігін сақтау екені сөзсіз. Татулығымыздың темірқазығы – бірлігіміз бекем болсын! Байлық та, бақыт та бірлікте екенін әрдайым есте сақтап, бірлігімізді бағалай білейік»,- деп маман ақжарма тілегін білдірді. 

"Бірлік еткен озар, бірлеспеген тозар" демекші бірлік бар жерде тыныштық бар екенін, еліміздің қоғамдық келісімі мен бірлігі артып, ел экономикасын одан ары дамыту керек екендігін Кентау қалалық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Мұсаханова Ұлбала өз сөзінде атап өтті.

«Елдің тұтастығы мен халық татулығы үшін елеулі үлес қосып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылы бірінші наурызда құрылған болатын. Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы жарлық шыққан сәттен бастап бірлестік ел татулығы үшін тынбай еңбек етіп келеді. Бірлестіктің құрылтайшысы және төрағасы қызметін Қазақстан республикасының президенті, конституциямыздың кепілі мемлекет басшысы атқарады. Қазақстан аумағында қазіргі сәтте жүзден аса этнос өкілдері өмір сүріп жатқанын жоғарыда айттық. Кең-байтақ қазақ даласы елдегі әр ұлттан құралған жиырма миллион тұрғынның ортақ шаңырағы саналады. Осы ортақ шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан әрбір қазақстандық азамат достық пен татулықтың қадірін бір кісідей біледі. Соны сақтау үшін қолдан келгенін жасауға әрбір қазақстандық дайын екенін де айтып жүрміз. Мұндай әдетті Қазақстан жұрты ғасырлар бойы көзқарашығындай сақтап келеді, дәл қазіргі ұлттық татулық пен береке-бірлікті келесі ұрпаққа аманаттап қалдыруға әрбір қазақстандық міндетті екенін ерекше еске саламыз»,- деді ол.

Жиын соңында қатысушылар өзге де маңызды мәселелерді қозғап, ел бірлігін одан әрі нығайту керектігін атап өтті. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер