Бірлік бар жерде тірлік бар

image.png

Бүгінгі таңда елімізді бірлікке үндейтін Қазақстан Халқы Ассамблеясы  жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің өңірімізде этносаралық келісімді сақтау, жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу ісіне қосар үлесі зор. Түркістан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанында 11 этномәдени бірлестік пен 6 құрылым жұмыс істейді. Этнос өкілдерінің 92 пайызы мемлекеттік тілді жетік меңгерген.

Осы ретте бүгін  Кентау қалалық білім бөлімінде этносаралық татулықты насихаттау және ел бірлігін қамтамасыз ету мақсатында кездесу өтті.

Бір үзім нанына дейін бөлісіп жеп, өзгенің де баласын балам деп бауырына басқан, басындағы баспанасымен де бөліскен күндер әрбір отандасымыздың есінде. Ұйымдасқан ұтады демей ме халық даналығында. Бағытымызға бағдаршам болып, соқпағымызға темірқазық болып, Қазақстан дейтін ел әлемге танылған деп атап өтіп, қаламызда этносаралық татулықты нығайту бағытында атқарылған жұмыстарды «Қоғамдық келісім» КММ-нің Кентау қалалық филиалының маманы А.Құрманбаева айтып өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Мен бұған дейін де айттым: еліміздің тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы бәрінен қымбат. Ел бірлігі осы мызғымас құндылықтармен қатар тұруға тиіс. Сонда ғана болашағымыз баянды болады. Татулық пен келісім тек мемлекеттік саясатта емес, қоғамда, үйде, ұжымда, жалпы, барлық жерде дәріптелуі қажет. Бұл жалаң ұран емес, әр азаматтың күнделікті ұстанымы болуы керек.

Халқымыз бірліктің және тыныштықтың қадірін біледі. Бұл – небір қиын-қыстау заманды өткерген, қазақ жерінен пана тапқан барша этностар үшін де қымбат құндылықтар. Осы құндылықтарды бағалай білгеннің арқасында жұртымыз бейбіт өмір сүріп жатыр. Бұл – теңдессіз жетістік!

Әрбір азамат бірлікті нығайту үшін қызмет етуі керек. Бұл қызмет ешқашан тоқтамайды, үздіксіз жалғаса береді. Өйткені бірлік болса ғана, тірлік болады. Біз осы мызғымас қағидаға әрдайым адал болуымыз керек. Татулық пен келісімнің ерекше маңызды екенін жұрттың бәрі бірдей сезінбеуі мүмкін. Сол себепті кейде «Ассамблеяның қажеті жоқ» деген ұшқары, яғни күмәнді пікірлер айтылып жатады. Шын мәнінде, Ассамблея – мемлекеттілігіміздің іргесін бекітіп тұрған басты институт.

Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірлігімізді нығайтуға қызмет ететін бірегей құрылым. Ассамблея қасиетті қазақ жерін мекен еткен барша этносты ұйыстырып отыр»,- деп атап өткен болатын. Бірлік туын берік ұстаған халқымыз әркез ынтымақ пен келісімнің арқасында төрге озып, тұғырын биіктетіп, тұлпарын оздырған. Қазақ ұғымындағы ұлағатты сөз, киелі ұғым – бірлік. «Бірлік түбі – береке, төртеу түгел болса, төбедегі келеді, бірлігі кеткен ел жаман» дейтін халық аузындағы сөздер осының айқын айғағы болғандығын. Санмен емес, сапамен, қарумен емес, батамен күн кешкен бұрынғылардың басын қосқаны, саражолдары мен өнегелі өсиеттерінің бізге сарқыт болып жетуінің де бірден-бір себебі, олардың ымыра бірлікте, ынтымақта күн кешкендігін қалалық білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиет, өзбек тілі пәндерінің әдіскері Ғазиза Қалымбетова өзінің баяндамасында кеңінен тоқталып өтті. Ата Заңымызда: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен  бостандықтары» деп жазылған. Сондай-ақ, өз азаматтарының заң жүзінде діни сеніміне, таңдауына және ұстанымына кепілдік береді.

Тәуелсіз елімізде сенімі мен көзқарасы әр алуан сан ұлт  пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Қазіргі таңда елімізде тұрақтылық пен бейбітшілікті, этносаралық келісім мен татулықты сақталуына Қазақстан халық Ассамблеясы үлкен үлес қосуда.  Ұлтаралық және дінаралық  тұрақтылық - тәуелсіздік кепілі. Көп ұлтты тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасқан егеменді еліміз өзінің даму кезеңінде көптеген ұлттардың Отанына айналды. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде көршілес мемлекеттерге қарағанда саяси, экономикалық жағынан қарқынды дамып, әлемдік деңгейде өзін танытқан еліміздің жетістіктері ұлтаралық татулық пен толеранттылықтың, осы бағыттағы Мемелекет басшысы мен мемлекеттің жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасында болып отыр. Әлемде ұлтаралық қақтығыстар мен діни түсініспеушіліктер белең алған тұста бейбіт қатар өмір сүрудің озық үлгісін көрсетіп келе жатқан қазақстандық толеранттылықтың жарқын үлгісін көптеген мемлекеттер мен діни конфессиялар да мойындап отыр.

Қоғамдағы келісім мен бейбіт өмір, саяси тұрақтылық үшін  қызмет ету,  Отан мен отбасына, ел мен жеріне деген сүйіспеншілікті жас өскін бойына қалыптастырудың маңызы арта түсуде. Сондықтан бұл бағытта ұйымдастырылып жатқан әртүрлі шаралар жемісін беруде.

Айта кетейік, Кентау қаласының өзінде 30-дан аса ұлт өкілдері ағайын болып, ынтымақтасты ту етіп өмір кешуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер