Дамудың сыры бірлікте

image.png

Этносаралық татулықты насихаттау және ел бірлігін қамтамасыз ету мақсатында Кентау қалалық Мансап орталығында кездесу өтті. "Қоғамдық келісім" КММ-і Кентау қалалық филиалының маманы Алия Құрманбаева қалада этносаралық татулықты нығайту бағытында атқарылған жұмыстарды атап өтті.

Қазіргі Қазақстан – көпмәдениетті, көпэтносты және поликонфессиялық мемлекет, онда конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайту азаматтық қоғам тұрақтылығының негізгі факторларының бірі болып табылады. Ұлт татулығы мен заң әділдігі берік орнаған елімізде ешкімді аз ұлт өкілі немесе саны көп ұлт өкіл деп бөлмейді. Бәрінің құқығы мен заңды күші бірдей екені екінің біріне белгілі.  Ел халқының бірлігі мен келісімі, эмоциясы мен көңіл күйі адамның еліне, мемлекетіне деген сүйіспеншілік деп қарауға болады. Қазақ немесе орыс, өзбек немесе украин, армян немесе ұйғыр ұлты болсын, әрқайсы адамның көкірегінде, бойында мемлекетке дешен патриоттық рух, республикамызға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі бар екені анық. Қазақстанда республикасында өмір сүретін әрбір адам, елде тұратын барлық ұлт өкілдері арасындағы татулық пен бірлікті, достық пен тыныштықты мақтан тұтып айтып жүргені белгілі. Бұл көзқарастар Қазақстан қоғамының саяси әлеуметтік және экономикалық тұрғыдағы тұрақтылығының негізі тірегі болды деп санаймыз. Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстан республикасында кез келген дінді ұстануға рұқсат етілген, мемлекет әркімнің дін ұстану бостандығын құрметтейді және құрметпен қарайды.

Елдің бірлігі мен ынтымағын сақтау – ең басты міндет. Біз қоғамға іріткі салатын әрбір әрекетке тосқауыл қою керекпіз,- деді Кентау қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрайымының орынбасары Мамыржан Юлдашев.

Елдің тұтастығы мен халық татулығы үшін елеулі үлес қосып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылы бірінші наурызда құрылған болатын. Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы жарлық шыққан сәттен бастап бірлестік ел татулығы үшін тынбай еңбек етіп келеді. Бірлестіктің құрылтайшысы және төрағасы қызметін Қазақстан республикасының президенті, конституциямыздың кепілі мемлекет басшысы атқарады. Қазақстан аумағында қазіргі сәтте жүзден аса этнос өкілдері өмір сүріп жатқанын жоғарыда айттық. Кең-байтақ қазақ даласы елдегі әр ұлттан құралған жиырма миллион тұрғынның ортақ шаңырағы саналады. Осы ортақ шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан әрбір қазақстандық азамат достық пен татулықтың қадірін бір кісідей біледі. Соны сақтау үшін қолдан келгенін жасауға әрбір қазақстандық дайын екенін де айтып жүрміз. Мұндай әдетті Қазақстан жұрты ғасырлар бойы көзқарашығындай сақтап келеді, дәл қазіргі ұлттық татулық пен береке-бірлікті келесі ұрпаққа аманаттап қалдыруға әрбір қазақстандық міндетті екенін ерекше еске саламыз. Қазіргі Қазақстандағы көпмәдениетті білім беру өскелең ұрпақты толеранттылыққа, басқа этностардың, оның ішінде діни топтардың мәдени құндылықтарына құрметпен қарауға тәрбиелеуге ықпал етуі тиіс. Қазіргі жағдайда Қазақстан этностарының рухани келісімі мен мәдени бірлігінің мызғымас рухани негізі қандай құндылықтар, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар жүйесі болып табылады деген сұрақ өзекті бола түсуіне байланысты этностардың бай мәдени мұрасын дамыту қажеттілігі туындауда.

Кең байтақ жерімізді бірлік, ынтымақпен гүлдендіретінімізді атап өтіп, руға, дінге бөлінбей еліміздің дамуына үлес қосайық деп Кентау қаласының құрметті азаматы, Аналар кеңесінің мүшесі Бибі Дәрібаева қала тұрғындарын бірлікті нығайтуға шақырды.

Айта кетсек, қазіргі таңда Түркістан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанында түрлі деңгейдегі 204 Аналар кеңесі жұмыс істейді. Өңірдегі Аналар кеңесі 1200-ден аса белсенді ананың басын қосып отыр. Кеңес құрамында өңірдің қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген белгілі педагогтар, дәрігерлер, этномәдени бірлестіктер өкілдері, зейнеткерлер, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері, жеке кәсіпкерлер, үй шаруасындағы, мәдениет саласындағы, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер, әлеуметтік қызметкерлер бар. Жалпы өткен жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы облыс, аудан қалалардағы Аналар кеңесінің ұйытқы болуымен 47 іс-шара өткізілген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер