Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ "Бірлік, Жасампаздық , Өрлеу" сессиясындағы тапсырмасына сәйкес Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ Түлкібас аудандық филиалының ұйымдастыруымен Түлкібас аудандық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі,Медиация кеңесі және этномәдени бірлестік төраға-төрайымдары Түлкібас аудан әкімінің орынбасары Орманов Ербол Керімбекұлымен кездесу өтті.
Кездесуге Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ-ң Түлкібас аудандық филиал басшысы Аманов Мақұлбек Керімбекұлы, Түлкібас ауданы әкімдігінің бөлім басшылары, Түлкібас аудандық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы мен мүшелері,Ауылдық округтерден сайланған Ақсақалдар кеңесінің төрағалары, Аналар кеңесінің төрайымен мүшелері, Ауылдық округтерден сайланған Аналар кеңесінің төрайымдары, Медиация кеңесінің төрағасы, ЭМБ төраға- төрайымдары қатысты.
Жиында Түлкібас ауданы әкімі орынбасары модераторлық етті.
Күн тәртібінде: Түлкібас аудандық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Анашев Қалаубек Анашұлы, Түлкібас аудандық Қазаұстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Қуанышбекова Назым Райымбекқызы, Түлкібас аудандық Түлкібас аудандық Түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Абилов Жұмабек Жолшыұлы баяндама жасады.
Қазақстан. Құшағы ыстық, құлашы кең байтақ өлке. 130-дан астам ұлт өкiлiнiң бiр атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмiр сүрiп келе жатқандығы бұл сөзiмiзге айғақ. Осыншама ұлт пен ұлыстың өкiлi бiрге тұрып, бiрге жасап, бiр мақсатқа жұмылып өмiр сүрiп келе жатқандығы Елбасымыздың дана саясатының нәтижесi болса керек. Алматының өзiнде ғана 30-дан астам түрлi ұлттардың мәдени орталықтары бар. Олар Қазақстан халқы ассамблеясының үлкен шаңырағы астына топтасқан. Ұлтаралық қатынастың жақсы жолға қойылуы, халықтар достығының нығаюы, әсiресе, бiздiң Қазақстан сияқты көп ұлттың өкiлi тұратын, демократиялық жолмен дамып келе жатқан республика үшiн өте қажет. Бұл бағытта елiмiз егемендiк алғалы қыруар шаруалар жүзеге асты және асырыла бермекшi. Солардың ең негiзгiсi Қазақстан халқы ассамблеясының құрылуы. Ассамбляның негiзгi бағыты – елiмiздiң тарихына терең үңiлiп, ұлттық дәстүр мен мәдениеттi, ана тiлiмiздi сақтау және дамыту және ұлтаралық ынтымақтастық пен сабақтастықты мейлiнше өркендету. Ассамблея ұлттар достығының алтын көпiрiне айналып отыр. Бүкіл дүниежүзінде халықтар мен этностардың мүддесін ойлайтын аса мәртебелі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстан Халқы Ассамблеясының республикамызда қоғамдық өмірдегі атқаратын рөлін кішігірім біріккен ұлттар ұйымы деп атауы тегін емес. Себебі Қазақстан Халқы Ассамблеясы дүниежүзілік деңгейде, Біріккен Ұлттар Ұйымында, ЕҚЫҰ-да өзінің жоғары бағасын алды. Қазақстан Халқы Ассамблеясы өз болмысы арқылы барлық ұлттар мен ұлыстардың басқа кез келген халықпен терезесінің тең, керегесінің кең екендігін көрсетіп отыр.
Аудан әкімінің орынбасары Ербол Орманов аудандық, ауылдық ақсақалдар кеңесі, медиация кеңесі, және этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен аналар кеңесінің төрайымдарымен еркін форматта кездесіп, ауданымызды әрі қарай дамыту жөніндегі ұсыныс-кеңестерін тыңдап, қоғамдағы өзекті мәселелердің шешу жолдарын талқылады. Елдің, ауданымыздың тыныштығы мен бірлік ынтымақтастығымызды нығайту бағыттыранды атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде тоқталып кетті.
Байтақ Қазақстанның әрбiр облысында түрлі ұлттардың мәдени орталықтары ашылған. Олардың мiндеттерi өз ұлтының тiлiн, мәдениет, тарихын, әдебиетiн, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрiн жаңғырту, кейiнгi жастарға үйрету сол арқылы қалпына келтiру. Мұндай еркiндiк Қазақстаннан басқа қай елде жасалды? Бұл нағыз шынайы демократияның, Президентіміздің өз мемлекетiнде тұратын ұлттар мен ұлыстардың өкiлдерiн құрметтегенiнiң нәтижесi. Тəуелсіздік жолымен ілгері басқан еліміздің халықтары барлық істе үлкен ұйымшылдық көрсетті. Олар өздерінің көкейкесті өмірлік маңызы бар мəсе лелерін Ассамблея сессияларында еркін, кең талдау жағдайында шешуге қол жеткізді. Өзінің он жылда қоғам өмірінің маңызды əлеуметтік-саяси мəселелерін талқылады. Бүгінде елімізде 500-ге тарта ұлттық-мəдени орталық бар. Олар көпұлтты халқымыздың саяси сана-сезімін байыту, ұлттар мен ұлыстардың өзара бірлігін күшейту, ұлттық салт-дəстүрлерді дамыту жолында халықтар сеніміне ие болды. Бұл – жүйелі, жемісті саясат болғанын өмір өзі дəлелдеді. Қазақстанды Отаным дейтін көкіре гінде сəуле бар адамдардың бұған көзі толық жетті. Қазақстандағы ұлттық бірлік саясатының тұрақтанып, нəтижелі жұмыс істеуін толып жатқан халықаралық инсти туттар да мойындады. Қазақстан ұлтаралық қатынас саясатында əлемдік кеңістікте əрқашан өнеге тұтатын ел болып қала береді. Қазақстандық тəжірибе, яғни Қазақстан Халқы Ассамблеясы дүниежүзілік деңгейде, Біріккен Ұлттар Ұйымында жəне Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі ұйымда өзінің жоғары бағасын алды. Шынында да, бұл – əлемдік жұртшылықтың назарын аудартқан ерен құбылыс. Ассамблея Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар проблемасын тиімді шешуге зор ықпал жасап, еліміздің халықаралық беделін көтеруге үлес қосуда. Қазақстанда этносаяси, саяси, рухани жəне ұлттық саладағы жүргізілген реформалардың дұрыстығына əлем қызыға қарайды. Сол себепті, көрші республикалардың қоғам жəне мемлекет қайраткерлері ұлтаралық келісімді сақтауда жəне оны дамытуда Қазақстандық тəжірибені қолдануға көптеп қызығушылық танытуда.Осы Қазақстандық ұлтаралық қатынас үлгісін одан əрі дамыту жəне жетілдіру мақсатында мемлекет тарапынан қыруар жұмыстар атқарылуда.
Көп жылдар бойы түрлі салада елеулі еңбек етіп, зейнеттік жаста жүрсе де қоғамдық жұмыстардан қалыс қалмай жүрген аға буын өкілдері мен ақ жаулықты аналарымыз ауданымызды көріктендіру, көгалдандыру және бала тәрбиесіне қатысты ұсыныс-пікірлерін аудан әкімінің орынбасарына жеткізіп, көкейлерінде жүрген өзекті мәселелерді тарқатты.
Ербол Керімбекұлы әр айтылған ұсынысты мұқият тыңдап, айтылған ұсыныстарға қолдау көрсететіндігін айтып, барлық көтерілген мәселе назарға алынып, алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.
Сонымен қатар, жиынды пайдаланып аудан әкімінің орынбасары абыз ақсақалдарымыздан ауыл-аймақты таза ұстау мақсатында насихат жұмыстары арқылы қолдау көрсетуін сұранып, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып жүрген ұйым төрағаларына алғысын білдірді.
Ұсыныс-пікірлерін тыңдаған аудан әкімінің орынбасарына ұйым төрағалары ризашылықтарын білдіріп, ақ батасын берді.