Ұлттық татулық - жетістіктің кілті

image.png

Бейбіт сүйгіш қазақ халқының сан ғасырлардан бергі тарихында аты аңызға айналған ел бастаған хандар мен билері, батырлары ежелден елдің амандығын, тыныштығын сақтауға мол үлесін қосқаны мәлім. Осы игі үрдіс қазіргі жаңа ғасырда да өз жалғасын тауып, әлем алдында Қазақстан досқа қамқор, дұшпанға кешірімді, көршілерге мейірімді ел екендігін дәлелдеп келеді.  «Халықтар достығы», «этносаралық татулық», «ауызбіршілік», «ұлт пен ұлыстардың ынтымағы». Бұл ұғымдардың мән-мағынасы қашанда маңызды. Қазақстанда мекен еткен ұлт өкілдерінің тату-тәтті тіршілігі – біздің мемлекеттік саясатымыздың басты бағыты. Елімізде осының бәрі іс жүзінде жүзеге асып, күнделікті тірлік-тынысымыздың көрінісіне айналып отыр. 

Жақында Мақтаарал ауданы прокуратурасы және аудан әкімдігінің үйлестіруімен «Ұлттық татулық - Жетістіктің кілті» тақырыбында мекемеаралық мәжіліс өткізілді.

Мәжіліске облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы орган, ауыл билері мен ақсақалдары, өзге этнос өкілдері және ауданның белсенді азаматтары қатысты.

Жиында ауданымызға тән өзекті мәселелер және оны шешу жолдары талқыланды.

Бүгінде Қазақстан – бірлігі жарасқан, мейманасы тасқан, атағы әлемге асқан мемлекет. Жүз отыз ұлт баласы қазақ шаңырағының астында жиналып, дүрдараз болмай, дүрлікпей, бір үйдің баласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Татулық, бірлік, береке, ынтымақ әр елде бола бермейді. Оны әлемнің әр тарапынан ақпарат жеткізіп отырған көк сандықтан көріп отырмыз. Қазақ елі осындай игіліктерге толы жұрт. Кей кездері бір әулеттің балалары сөзге келіп, біріне-бірі өкпе артып жатады. Діні бөлек, ділі басқа халықтарды бір мемлекетте ұйытып отырудың өзі үлкен күш. Бір-бірімен тіл табыстырып, алакөз қылмай, достықты сақтап қалу үшін қазақ билігі талай ауқымды шараларды, беделді бастамаларды қолға алды. «Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік – ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік – ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік.  Шындығында, бүгінгі күні көп ұлтты тәуелсіз Қазақ еліне дүниежүзіндегі көптеген елдер қызыға да қызғана қарауда. Себебі жүзден астам ұлт пен ұлыстар-дың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастыра білген ел әлемде кемде-кем. 

Бейбітшілік пен тұрақтылық — жалпы халықтық жетістік. Көзі ашық, көкірегі ояу жастар мұны жақсы түсінеді. Сондықтан бүгінгі таңда татулықты сақтап, ұйып отырған бірегей мемлекетіміздің тыныштығы мен берекесін арттыру жолында қызмет етуіміз керек. Қадыр Мырза Әли: «Татулықтың бәрі – түсінуден, тыныштың бәрі – қанағаттан» - деген қанатты сөзі бекер айтылмағаны анық, себебі, конфессияаралық татулық табысты дамудың кілті болып, еліміздің өркендей дамуына игі ықпалын тигізетіні сөзсіз.

Елдің тұғырлы, ғұмырлы болуының басты жетекші күші – ұлттық бірлік. Ел ішінде тыныштық, ынтымақ билеуі үшін бәрінен бұрын елдің ұлттық бүтіндігі қамтамасыз етілуі және елді құрайтын адамдар, ұлттар, түрлі топтар арасында түсіністік пен ара-қатынастың, тіпті тілектестіктің болуы қажет. Елді қалыптастыратын факторлардың маңызды элементтері сенім, отан, тарих, байрақ, бірлік, татулық ішінде өмір сүру қалауы. Міне осылар ынтымақ, бақ-берекенің ортақ кілті. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ көп мемлекеттер сыртқы күштердің емес, ішкі алауыздықтың, іштегі сатқындар, дұшпандар тарапынан ыдыратылған. Қазіргі заманда да мұның мысалдары көп. Бұл қауіп әркез төніп тұр. Ұлттық жоспары, ұлттық мақсаттары болмаған елдер (саяси, экономикалық, мәдени) сілкіністер кезінде үлкен жарақаттарға тап болады. Үлкен мақсаттары, асқақ армандары болмаған мемлекет дамымайды, қатардағы қарапайым елдердің бірі болып жүре береді. Темірқазық жұлдызына жете алмаймыз, бірақ оған қарап бағытымызды белгілейміз. Ұлттық және рухани құндылықтарымыз, ұлттық бірлік және ұлттық мақсаттарымыз елдің тұтастығын нығайтушы рухани күш. Ұлттық мақсаттар (ұзақ-орта-қысқа мерзімді) ретінде жоспарлануы керек.

Аудан прокуратурасының бастамасымен ұлтттық татулықты одан әрі нығайту мақсатында аудан аумағында орналасқан жалпы 2 кент және 9 ауыл әкімшіліктегі барлық елді-мекендерде аталмыш тақырыпта кеңейтілген жиындар өткізу жоспарлануда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер