Жастар рәміздерді құрмет тұта ма?

image.png

Мемлекет өмірінің идеологиялық өзегінің алтын тіні Мемлекеттік рәміздер екені айтпаса да түсінікті.Мемлекеттік рәміздер - еліміздің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін қасиетті белгілер. Мемлекеттік рәміздеріміз еліміз бен жеріміздің өткені мен бүгінін және ертеңін, болашақ көшін айқындаумен қатар, азаматтарына сасқанда сабыр, жол таппай қиналғанда ақыл қосатын қасиетті де құдіретті құндылық.

Мемлекеттік рәміз – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын, мемлекетіміздің өткені мен бүгіні, болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ, рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын жеткізетін құнды белгі. Ол халқымыздың тарихы мен тағдырын, ұлы мақсаттарға ұмтылысын білдіреді. Осы Мемлекеттік рәміздерді өскелең ұрпақ арасында қаншалықты насихаттай алып жүрміз? Бүгінгі жастар рәміздердің қадір-қасиетін біле ме?

 Дәл осы мақсатта жақында Сауран ауданының жастары ерекше шара өткізді. “Рәміздер - ел беделі” атты  тұрғындар арасында блиц - сауалнама жүргізілді. Аудан тұрғындары рәміздер туралы сұрақтарға жауап,  бұл таұырып туралы қаншалықты ақпарат білетіндіктерін көрсетті. Сондай-ақ ұйымдастырушылар рәміздерге қашанда құрмет көрсету керектігін әсіресе жастар мен балаларға түсіндірме жұмыстарын да жүргізді. 

«Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамайтын атрибуттарының бірі. Біздің ұлттық Туымыз бүгінде БҰҰ штаб-пәтерінің төбесінде желбіреп, Әнұранымыз Олимпиадада және басқа да халықаралық жарыстарда шырқалады. Бұл – біз үшін үлкен мақтаныш. Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағлымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Рәміздердегі нышандар арқылы қазақстандық қоғамның әлем алдындағы бейнесі қалыптасады. Рәміздерге деген құрмет – азаматтардың өз елінің азаматы екендіктерін қаншалықты деңгейде түйсінуінің, ел болашағына деген сенімінің және патриоттық сезімдерінің өлшемі» дейді сауалнамаға қатысушылар.

 Қазақстанның мемлекеттік рәміздері әлемдегі көркем, ерекше рәміздердің бірі. Аспан түстес көк байрағымыздағы қыран бүркіт халқымыздың арманын азат аспанға қалықтатса, шуақты күн мәңгілік елдің белгісіндей жарқырай түсуде. Ал, алтын қанатты қос тұлпар бейнеленген Елтаңбамыз елдігіміздің жарық жұлдызындай төрімізде жарқырауда.

«Менің Қазақстаным» атты Гимніміз әрбір қазақстандықты бірлік пен татулыққа үндей түсуде.

Ендеше, тәуелсіздіктің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздерді қадірлеп, құрмет тұту – барша отандастарымыздың қасиетті борышы.

Халқымыздың мызғымас рухын, қаһармандығы мен даналығын дәріптеп, асқақ арман-тілегін болашаққа жеткізетін құнды белгілер жас ұрпағымыздың отансүйгіштік сезімін оятып, сенімін нығайта түседі.

Тәуелсіздігіміздің алтын күмбезі саналатын мемлекеттік рәміздердің мәртебесі арта берсін.

Халқымыз аман, еліміз тыныш, көк байрағымыз биікте желбірей түссін!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер