Акцияға қолдау білдірді

image.png

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына Сауран ауданы Жаңа Иқан ауылдық округінің өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Нигматуллаев Осар қолдау білдіріп, аудан халқын акцияға қатысуға шақырды.

«Адамзат барлық махаббатты, мейірімділікті және сұлулықты табиғаттан алады. Сондықтан біздің басты мақсатымыз - табиғатқа ұқыпты, сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен қарау, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу. Таза аудан сіз бен бізден басталады! Киелі ауданымызды таза әрі көрікті етуге бірге атсалысайық! Таза Қазақстан" акциясы бізді туған жерімізге қамқорлық жасауда біріктіреді. Бұл біз жасыл және таза ел үшін бірге жасайтын ортақ іс.»,- деді ол өз сөзінде. 

Айта кетейік,  тұрғындар үшін қолайлы жағдайлар жасау, олардың қоршаған ортаға деген жауапкершіліктерін арттыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру  мақсатында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жүруде. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы еліміздің барлық аймағында жалғасын тауып, жалпыхалықтық эко-челленджге айналды. Бүгінде бұл шараға ерікті жастар мен белсенді студенттер ғана емес түрлі мекеме қызметкерлері мен ғалымдар да атсалысуда. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жыл соңына дейін жалғасады. Экологиялық шара әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өтіп тұрады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер