Қариясы бар ел – қазынасы бар ел

image.png

Ертеректе жасы қырықтан асқан қазақ қарттыққа бет бұрып, немере бағып, елге үлгі боларлық іс атқаруға тырысқан. "Ауылыңда қартың болса, жазылып қойған хатпен тең" деп жасы кішілер оларға құрмет көрсеткен. "Төріңнен қарт кетпесін" деп, той-томалақты батасыз бастамаған, қариялардан бата алуға тырысқан. Қазақ бұл үрдістен әлі де ажыраған жоқ. 

Қазақта «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» деген сөз бар. Қазыналы қарттарымыздың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңестерінің, тәлім-тағылымдамасының өскелең ұрпақ үшін орны бөлек. Қазақ халқының ұлттық менталитетінің жарқын белгісі қашан да үлкенге  құрмет, кішіге ізет көрсету. Әдет-ғұрып, ырым-тыйым, жөн-жорал-ғыларымызды жадына тоқыған ата-әжелеріміз асыл қазына – кемел кітап сынды. Кеуделері шежіреге толы қарияларымыздың қадірін біліп, бағасына жете білсек ата-салттан ажырамағанымыз шығар. 

Ата-әженің тәрбиесін алған балаға халықтың ықыласы ерекше. Ата–әже мектебінен өткен ұрпақ зерек те ерек болып, бүкіл елдің мақтанына айналатын. Қазақ әжесінің керемет образын қалыптастырған бірегей тұлға – Абайдай дананы тәрбиелеген Зере.

Осы орайда бүгін Түлкібас аудандық мәдениет үйінде «Аманат» партиясының аудандық филиалының бастамасымен ауылдық округ, кенттегі ақсақалдардың қатысуымен «Батагөй қария» атты байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты дәстүрлі баталарды кейінгі ұрпаққа насихаттау, ежелгі салт-дәстүрді жаңғырту. Аталған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары, «Аманат» партиясы, «Қоғамдық келісім» КММ-і Түлкібас аудандық филиалы, Түлкібас ауданы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төраймы мен мүшелері және ақсақалдар кеңесінің төрағасы мен мүшелері, әжелер кеңесінің мүшелері, мәдениет үйінің қызметкерлері, жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында : «Ең алдымен, халықтың береке-бірлігін сақтау елдігіміз үшін аса маңызды. Бұл туралы үнемі айтып жүргенімді білесіздер. Ынтымағы жарасқан, ортақ мақсатқа ұйысқан ұлт ешқашан ұтылмайды, ештеңеден құр қалмайды. Бұл істе зиялы қауым айрықша рөл атқарады. Әсіресе, елге сөзі өтетін аға буынның орны бөлек. Олар – қазақтың қаймағы, ұлттың мақтанышы. Елдің тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталады. Яғни, алдымен ел ағаларының арасында ауызбіршілік болуы керек. Олар ұрпаққа өнеге болатын кесек әңгіме айтуы қажет.  Аға буын жас ұрпаққа жол нұсқап, бағыт-бағдар беруі керек. Елімізде көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр, білімді жастар көп. Біз олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіруіміз қажет. Ұлы Абайдың «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі – бос» деген сөзі әлі де өзекті болып тұр. Мен зиялы қауым өкілдерінің бір-біріне әрдайым тілектес болғанын қалаймын. Өзара жанашыр болу, түптеп келгенде, елге жанашыр болу деген сөз»,- деп қариялардың  бала, жастар тәрбиесіне, түптен келгенде бүкіл халықтың тәрбиесіне қосар үлесі зор екенін қадап айтқан болатын. Қазақстан Халқы Ассамблея ы жанындағы Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі бүгінде осы миссияның мойнына арқалаған бірден бір ұйым болып саналады.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер