Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Біз жақсылыққа жетеміз десек, жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуіміз қажет»,- деген еді. Сол отырыста Президент елге қауіп төндіретін бес кеселді атап өткен болатын. Олар: нашақорлық, лудомания, зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық. Бұл кеселдер халықтың денсаулығына нұқсан келтіреді, әсіресе, жастардың тағдырын бұзады, ұлттың дамуын тежейді. Шын мәнінде, Президент барлығына ортақ міндет қойды. Сондықтан осы әлеуметтік кеселдермен табысты күресу үшін тек мемелекеттік құрылымдар емес, сонымен бірге қоғамның барлық күшін белсенді жұмылдыру қажет деген міндет қойды. Елге қауіп төндіріп тұрған бес кеселмен күресуде Ассамблея да шет қалмауы тиіс.
Осы ретте Шардара ауданында жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, лудоманияның алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ өзіндік шеберлігін көрсете білуіне көмек беру, республикалық, облыстық сайыстарға шыңдау мақсатында облыстық «Жастар слеті: Тәжірибе алмасу алаңы” атты жастар слеті өтті.
Аталған шараға 200-ге жуық облыс жастары қатысып Шардара ауданының тарихы көрсетілген көрмені тамашалап, жастарды спорттық ойындарға деген бейімділігін, денсаулықтарын жаңғырту, спортқа деген қызығушылықтарын арттырып,шапшаңдыққа, төзімділікке, ептілікке, жастарды салауатты өмір салтына тарту мақсатында командалық 4 кезеңнен тұратын эстафеталық сайысқа қатысып, құмнан қалашық тұрғызды.
Жарыс қорытындысына сәйкес жеңімпаздар тізімі төмендегідей:
I орын - Қазығұрт ауданы жастары (150 000тг)
II орын - Сарыағаш ауданы (100 000тг)
III орын - Келес ауданы (70 000тг)
Сонымен қатар қатысқан командаларға арнайы ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысындағы сөзінде «Сол сияқты тағы бір қауіпті кесел – лудомания, яғни құмарпаздық. Кейбір мәліметтерге қарасақ, 400 мыңға жуық азамат – букмекерлік кеңселер мен казинолардың тұрақты клиенті. Бұл – тұтас бір қаланың халық санына пара-пар көрсеткіш. Шын мәнінде, лудомания – бейбіт күнде елдің шырқын бұзып жатқан қатер. Соның кесірінен талай шаңырақ шайқалды. Талай азамат заң бұзып, қылмысқа ұрынды. Құмар ойын үшін қарызға батып, өзіне қол жұмсаған жандар туралы хабарлар, өкінішке қарай, күн сайын тарап жатады. Бұл дерт жас ұрпаққа өте үлкен зиян келтіреді. Онлайн-ойындар балалардың күнделікті ермегіне айналып барады.
Құзырлы органдар былтыр интернет-казиноның белгісі бар 4 мыңнан астам сайтты бұғаттады. Біз нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресу үшін кешенді жоспар қабылдадық. Үкімет лудоманиямен күреске қатысты дәл сондай жоспар қабылдауы керек. Құмарпаздыққа заң жүзінде шектеу қою қажет. «Amanat» партиясы фракциясының бастамасымен осы мәселе бойынша тиісті заң жобасы әзірленді. Парламентте қаралып жатқан сол жобаны осы сессияның соңына дейін қабылдау қажет. Біз жастардың құмар ойынға салынып, арзан табысқа ұмтылуына жол бермеуіміз керек. Адал еңбекпен тапқан табыс қана берекелі болады»,- дей келе аталған кеселмен күресуге Ассамблея мүшелерін шақырған болатын. Бүгінгі тағда облыста Қазақстан Халқы Ассамблея жанындағы Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесі бе кеселмен күрес шараларын ұдайы өткізіп келеді.