Тазалық - баршаға ортақ міндеті!

image.png

Кентау қалалық Қазақстан Халқы Ассамблеясы  жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Мұсаханова Ұлбала Ермаханқызы қала тұрғындарын "Таза Қазақстан" акциясына белсенді қатысуға шақырады!

«Құрметті Кентау қаласы мен оған қарасты ауыл тұрғындары Президентіміз  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  өзінің Қазақстанды  таза ұстау мақсатында экологиялық акциясын жариялаған болатын. Бұл акция тек қана әркім өз үйніің айналасын таза ұстау ғана емес  күнделікті өзіміз  тұрған ауылымызды, қаламызды таза ұстау әрбіріміздің міндетіміз, азаматтық борышымыз.  Қазақта «Өз ұясын ластаған құс жаман» деген әдемі сөз бар. Сондықтан  көптеген ұлт пен ұлыстың ұйытқысы болып отырған  кентаулықтарды  Президентіміздің экологиялық акциясына  бір жұдырықтай жұмыла отырып қатысуға шақырамын»,- деді Ұлбала Ермаханқызы. 

Айта кетсек, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында Кентау қаласында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқын алды. Қаланың кіреберіс келбетіне көрік беру мақсатында жерді қопсыту жұмыстары атқарылып, 5 мың дана раушан гүлі отырғызылды. Одан бөлек, 20 мың дана раушан гүлін шаһар көшелеріне, ал аллеялар мен саябақтарға 40 мың дана біржылдық гүлдер отырғызу жоспарлануда.

Сонымен қатар, қаладағы аллеяларды көріктендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Онда орындықтар мен қоқыс жәшіктерін әрлеу, жарықшамдарды жаңарту, талдарды әктеу жұмыстары атқарылуда. Сондай-ақ, саябақтарға шырша, қарағаш көшеттері отырғызылды. Бұдан бөлек, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан 8 500 түп қарағаш көшеттері беріліп, қазіргі таңда «Жасыл аймақ» аймағына отырғызу жұмыстары атқарылуда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер