Қарнақтық жастар бас қосты

image.png

Кентау қаласына қарасты екі мың жылдық тарихы бар Қарнақ ауылында жастар жиналып, білімдері мен ой сананы дамытуға мүмкіндік беретін білімділер сайысын өткізді.

Игі шара “Бірлігіміз жарасқан” атты тақырыбында ұйымдастырылды. Білімділерін дәлелдеуге келген сайысты қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова ашып, барша қатысушыға сәттілік тіледі.

Этносаралық татулықты насихаттау, халық бірлігін қамтамасыз ету мақсатында өткен сайысқа Кентау қаласы мен қалаға қарасты ауыл тұрғындары, әр түрлі сала мамандарынан құралған 12 топ қатысты. 

“Бірлігіміз жарасқан” атты интеллектуалдық ойынға қатысушылар өз топтарының атауы мен ұрандарын қысқаша таныстырып, мақал-мәтелді жалғастыру, салт-дәстүр, музыкалық және логикалық сұрақтар бойынша 5 кезеңде шың мықтыны анықтай білді. 

Қызықты да тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша ІІІ-орын «Тұран» командасына бұйырса, ІІ-орынға «Алау» командасы лайық деп танылды. І-орынды «Шабыт» командасы жеңіп алып, жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

 Айта кетейік, облыста екі миллионнан астам халық болса, оның 24 пайызы өзге этностар құрайды. Облыс халқының 95 пайызы қазақ тілін меңгерсе, өзге ұлт өкілдерінің 74 пайызы қазақ тілінде сөйлесе алады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер