Бүгін Қазақстанда тұрып жатқан ұлт пен ұлыс өкілдері тіл мересін тойлауда. Бұл күнде барлық ұлттың салт-дәстүрі насихатталып, ана тілдерінде ән шырқалуда.
Осы орайда Қазақ халқы тілдер күні мерекесіне орай Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Түлкібас аудандық филиалы, Тастұмсық ауылдық кітапханасы, Түлкібас аудандық «Жастар ресурстық орталығы»КММ бірлесе ұйымдастыруымен "Тілім менің- тірліктегі тірегім" тақырыбында М.Лермонтов атындағы ЖББМ-де дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараға М.Лермонтов атындағы ЖББМ-нің мұғалімдері мен оқушылары, этнос жастары, А.Кошевой атындағы ШЖЖББМ-нің оқушысы мен кітапханашысы, Майлыкент ауылдық округі аналар кеңесінің төрайымы қатысты.
Әдеп басы-тіл демекші бірінші амандасудан басталып, іс-шараның соңында жылы лебіз тілектермен аяқталды.
Тіл мерекесі еліміздің ең жарқын мерекелерінің бірі, себебі тіл адамның қарым-қатынас, ойлану құралы, сондықтан ол-адамзаттың интеллектуалдық әлеуметінің қазынасы ретінде халықтың ең құнды байлығы.