Ұлттық ынтымақтастықтың символы болған мереке

image.png

Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылдық округі Дихан баба мәдениет үйі ұжымы, ауылдық аналар кеңесі, Ы.Алтынсарин жалпы орта мектебі шәкірттерімен бірлескен "Тіл-ұлы байлық" атты мерекелік концерттік іс-шара болды.

Ұлттық ынтымақтастық символы болған бұл мерекеде орыс, қазақ, өзбек, түрік тілдерінде ән-билер орындалып, өлеңдер оқылды.

Сондай-ақ Ақжар ауылдық округінде Абылайхан жалпы орта мектебінде "Тіл мерекесіне" орай тіл мұғалімдері мен аналар кеңесінің мүшелерінің қатысуымен мерекелік іс шара өтті. Іс шарада қазақ тілі мұғалімдері қазақтың салт дәстүрін дәріптеу мақсатында "Тұсау кесер" рәсімін жасады, оқушылар тіл туралы тақпақтар айтып, ән айтып, би билеп, мақалдың жалғасын тауып бір бауырсақ ал деп іс шараның мәнін ашты.

Айта кетейік, елімізде Қазақстан халқы тілдері күні 1998 жылғы 20 қаңтарда республика президентінің жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі етіп бекітілген болатын. Мақсаты - сан ғасырлық құндылықтарды сақтау.

Ал 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданды. Заң бойынша мемлекеттік тіл —  қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілді.

Осы уақытқа дейін 22 қыркүйек күні тойланатын мейрамның 2017 жылы датасы өзгерді. Бұдан былай мейрам 5 қыркүйек күні аталып өтіледі.

Мейрамның жаңа датасы Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген күніне сәйкестендіріп таңдалып алынған. 1873 жылдың 5 қыркүйегінде қазақ тіл білімімен және әдебиеттануымен айналысқан ағартушы және ғалым Ахмет Байтұрсынұлы  дүниеге келді. Ол қазақ тіл білімінің негіздерін, грамматиканың ғылыми терминологиясын жасаған.

Бұл мереке туған тілге деген құрмет мен сүйіспеншілікті, сондай-ақ, өзге ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін танып, білуге бағытталған. Осы арқылы халық өзіне керегін алып, білім қоржынын кеңейтеді.

Бұл мерекенің негізгі мақсаттары:

• қазақ тілін ұлттар арасында дамыту мен насихаттау

• қазақ мәдениеті мен дәстүрін насихаттау

• көпұлтты мемлекеттің тұтастығын, ынтымағын қалыптастыру

• жас буынды өзге ұлттардың дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметін дамыту

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан осы мақсатта бірқатар шараларды қолға алып үлгерді. Осындай этностық, діндік, мәдени әртүрлілікке қарамастан, бүгінде Қазақстан өз тұрақтылығын сақтап келеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер