Сауран ауданы бойынша ұлттық құндылықтарды насихаттау, этносаралық татулық пен тұрақтылықты сақтау, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында "Мектеп Жана Икан" ЖШС жалпы орта білім беру мекемесінде ақпараттық-насихаттық топ өкілдерімен мектеп оқушыларымен кездесу болып өтті. Кездесуге Сауран аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Бабажан Якубов және мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
«Еліміздегі 100-ден аса этностар бірлікте, тұрақтылықта өмір сүріп жатқаны ақиқат. Отаны бірдің тілегі, кеудесіндегі жүрегі бір болуы қажет. Елімізді мекендеп отырған әрбір этностар өздерінің салт -дәстүрін, тілін, дінін, ұлттық ерекшеліктерін сақтауға мүмкіндік жасағандығының айқын нәтижесі екені анық. Ынтымағы жарасқан елімізді баға жетпес байлығы – тұрақтылықты, бірлікті, татулықты сақтау әрбір азаматтың асыл мұраты, парызы екендігі ақиқат. Сондықтан еліміздің ертеңі болар жас ұрпақты отансүйгіштікке, білімді қылып тәрбиелеу еліміздің басты ұраны. Еліміз әрбір жанға бірдей жағдай жасап, тыныштықта өмір сүруі үшін көптеген жұмыстар атқаруда. Осыны әрбір жан ұғыну керек. Отаным деп қабылдаған әрбір жан осыны көкейден шығармай, елімізге адал қызмет етуі тиіс. Бізде бір ғана отан бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан!
Ұлт татулығы мен заң әділдігі берік орнаған елімізде ешкімді аз ұлт өкілі немесе саны көп ұлт өкіл деп бөлмейді. Бәрінің құқығы мен заңды күші бірдей екені екінің біріне белгілі.
Ел халқының бірлігі мен келісімі, эмоциясы мен көңіл күйі адамның еліне, мемлекетіне деген сүйіспеншілік деп қарауға болады. Қазақ немесе орыс, өзбек немесе украин, армян немесе ұйғыр ұлты болсын, әрқайсы адамның көкірегінде, бойында мемлекетке дешен патриоттық рух, республикамызға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі бар екені анық. Қазақстанда республикасында өмір сүретін әрбір адам, елде тұратын барлық ұлт өкілдері арасындағы татулық пен бірлікті, достық пен тыныштықты мақтан тұтып айтып жүргені белгілі. Бұл көзқарастар Қазақстан қоғамының саяси әлеуметтік және экономикалық тұрғыдағы тұрақтылығының негізі тірегі болды деп санаймыз. Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстан республикасында кез келген дінді ұстануға рұқсат етілген, мемлекет әркімнің дін ұстану бостандығын құрметтейді және құрметпен қарайды.
Елдің тұтастығы мен халық татулығы үшін елеулі үлес қосып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылы бірінші наурызда құрылған болатын. Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы жарлық шыққан сәттен бастап бірлестік ел татулығы үшін тынбай еңбек етіп келеді. Бірлестіктің құрылтайшысы және төрағасы қызметін Қазақстан республикасының президенті, конституциямыздың кепілі мемлекет басшысы атқарады. Қазақстан аумағында қазіргі сәтте жүзден аса этнос өкілдері өмір сүріп жатқанын жоғарыда айттық. Кең-байтақ қазақ даласы елдегі әр ұлттан құралған жиырма миллион тұрғынның ортақ шаңырағы саналады. Осы ортақ шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан әрбір қазақстандық азамат достық пен татулықтың қадірін бір кісідей біледі. Соны сақтау үшін қолдан келгенін жасауға әрбір қазақстандық дайын екенін де айтып жүрміз. Мұндай әдетті Қазақстан жұрты ғасырлар бойы көзқарашығындай сақтап келеді, дәл қазіргі ұлттық татулық пен береке-бірлікті келесі ұрпаққа аманаттап қалдыруға әрбір қазақстандық міндетті екенін ерекше еске саламыз.
Жиын соңында оқушылар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан нақты жауаптарын алды.