Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан Халқы Ассаблеясы Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Түркістан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен кездесті.
Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева, облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Бахадыр Ирисметов, облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Нурия Загидуллина, облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Юлдаш Сұлтанов қатысты. Сондай-ақ кездесуде облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Бейсенбаев, облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова, «Қоғамдық келісім» КММ-нің этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Хамит Исахов болды.
Кездесу барысында Марат Алмасұлы жеке қабылдау өткізіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Басқосуда Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында айтқан міндеттері мен тапсырмаларын іске асыру, сонымен бірге жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетуге, жастарды патриотимзге тәрбиелеуге және 5 әлеуметтік кеселді алдын алуға бағытталған жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.
Сондай-ақ өңірлердегі этномедиацияны дамыту перспективалары, этномедиаторлардың бірлік пен келісімді нығайтудағы үлесі және 2024 жылдың IV тоқсанында өтетін Республикалық Этномедиация кеңесіне дайындық барысы талқыланды.
Ұлт татулығы мен заң әділдігі берік орнаған елімізде ешкімді аз ұлт өкілі немесе саны көп ұлт өкіл деп бөлмейді. Бәрінің құқығы мен заңды күші бірдей екені екінің біріне белгілі.
Ел халқының бірлігі мен келісімі, эмоциясы мен көңіл күйі адамның еліне, мемлекетіне деген сүйіспеншілік деп қарауға болады. Қазақ немесе орыс, өзбек немесе украин, армян немесе ұйғыр ұлты болсын, әрқайсы адамның көкірегінде, бойында мемлекетке дешен патриоттық рух, республикамызға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі бар екені анық. Қазақстанда республикасында өмір сүретін әрбір адам, елде тұратын барлық ұлт өкілдері арасындағы татулық пен бірлікті, достық пен тыныштықты мақтан тұтып айтып жүргені белгілі. Бұл көзқарастар Қазақстан қоғамының саяси әлеуметтік және экономикалық тұрғыдағы тұрақтылығының негізі тірегі болды деп санаймыз. Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстан республикасында кез келген дінді ұстануға рұқсат етілген, мемлекет әркімнің дін ұстану бостандығын құрметтейді және құрметпен қарайды.
Этносаралық қарым-қатынас мәдениеті адамға ұлтаралық қатынастарды тану, дамыту, өзгерту және жетілдіру үшін қажет және ұлттық прогрестің де, жалпыұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеудің де тиімді құралы және тәсілі ретінде әрекет етеді. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінде адамдардың басқа ұлт өкілдеріне қатынасы шоғырланған.
Ұлтаралық қатынас мәдениеті- ұлттық саясат саласындағы мәдениет. Бұл белгілі бір жүйелік сапа, халықтардың әлеуметтік өмірі мен қызметінің тәсілі, ұлттық және интернационалистік идеялардың, нормалардың, нанымдардың және т.б. олардың бірлігі мен өзара байланысында дамуы мен сабақтастығын қамтамасыз ету нысаны. "Халықаралық қарым-қатынас мәдениеті" ұғымы әлеуметтік топтардың, топтардың, таптардың, халықтардың да, жеке тұлғаның да мәдени деңгейін сипаттауға қолданылады. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті көбінесе халықтың жалпы қарым-қатынас мәдениетімен байланысты. Қоғам жаңарған сайын әр түрлі ұлт өкілдерінің саналы және тығыз бірігуіне көшу жеделдейді. Қазақстанда және басқа да достас елдерде қалыптасқан адамдар, таптар, әлеуметтік топтар мен халықтар арасындағы жаңа қатынастар халықтың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін объективті қажеттілік ретінде айқындайтын жағдайлар жасайды. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті- бұл ұлттық қауымдастықтардың дамуы мен жақындасуы негізінде туындайтын және халықтардың экономикалық, саяси, мәдени, ғылыми-техникалық дамудағы нақты теңдігін, олардың арасындағы достық өзара көмекті, бір-бірінің ұлттық мүдделері мен ұлттық ерекшеліктерін ескеруді, ұлттық тілдерге құрметпен қарауды көздейтін қоғамдық қатынастардың ерекше сапасы. Бұл ерекшеліктер достас ұлттардың, ұлттық және этникалық топтардың экономикалық, әлеуметтік-саяси және мәдени-рухани өмірінің ортақтығымен, ғылыми дүниетанымның бірлігімен анықталады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде : «Ең алдымен, халықтың береке-бірлігін сақтау елдігіміз үшін аса маңызды. Бұл туралы үнемі айтып жүргенімді білесіздер. Ынтымағы жарасқан, ортақ мақсатқа ұйысқан ұлт ешқашан ұтылмайды, ештеңеден құр қалмайды. Бұл істе зиялы қауым айрықша рөл атқарады. Әсіресе, елге сөзі өтетін аға буынның орны бөлек. Олар – қазақтың қаймағы, ұлттың мақтанышы. Елдің тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталады. Яғни, алдымен ел ағаларының арасында ауызбіршілік болуы керек. Олар ұрпаққа өнеге болатын кесек әңгіме айтуы қажет.
Аға буын жас ұрпаққа жол нұсқап, бағыт-бағдар беруі керек. Елімізде көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр, білімді жастар көп. Біз олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіруіміз қажет. Ұлы Абайдың «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі – бос» деген сөзі әлі де өзекті болып тұр. Мен зиялы қауым өкілдерінің бір-біріне әрдайым тілектес болғанын қалаймын. Өзара жанашыр болу, түптеп келгенде, елге жанашыр болу деген сөз. Тағы да қайталап айтқым келеді: ұсақ-түйек әңгімені қою қажет.
Қазақты бөліп-жаруға болмайды. Біз жалпыұлттық деңгейде ойлауға ұмтылуымыз керек. Мысалы, әрбір қазақ ата-бабасын құрметтейді, рухына тағзым етеді. Сондықтан шежіре біздің мәдени кодымыздың ажырамас бөлігіне айналған. Бірақ біз тек қана осы түсінікпен шектеліп қалмауымыз қажет. Ең бастысы, бұл мәселені ешқашан саясатпен араластыруға болмайды»,- деп атап өткен болатын. Жиынға қатысушылар Президенттің тапсырмасын орындауға әрбір азамат атсалысу қажеттігін атап өтті.
Мазмұнды жиында құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің басшылары жұмыс жоспарларымен таныстырды, Ассамблеяның әлеуметтік және қайырымдылық жобаларын іске асыруды талқылады, Қазақстан Халқы Ассамблеясының сессиясында қабылданған шешімдердің орындалуы туралы баяндады.
Кездесуде Марат Әзілханов Ассамблея өкілдеріне қоғамдағы татулықты, достық пен келісімді нығайтудағы жұмыстары үшін алғыс айтты.