Павлодарда өңірлік семинар өтті

image.png

Бүгін Павлодар қаласындағы «Достық үйінде» «Өңірдің этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру мәселелері» өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшыларына арналған республикалық семинар өтіп жатыр. 

Семинар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитеті, «Қоғамдық келісім» РММ қолдауымен және Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен өтуде.

Семинардың мақсаты - «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан халқы Ассамблеясының ауқымды бастамаларын іске асыруда, этномәдени бірлестіктермен тығыз байланыста жұмыс атқарып, интеграция алаңын қалыптастыру тәжрибесімен бөлісу. 

Бірлікті бекемдеген іс-шарада қатысушылар үшін «Алтын сақа» шығармашылық инновациялық орталығы» ғимаратында экскурсия жүргізілді. Онда «Қолөнер - дәстүрдің жалғасы» тақырыбында «Кәусар бұлақ» ата-әжелер клубының төрайымы Ғалия Сұңғатова және «НҰР-АНА әлемі» ҚБ төрағасының орынбасары Дина Ержанова қолөнер сабағын өткізді. 

Семинарға Түркістан облысынан арнайы қатысқан қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева этносаралық бірлік пен келісімді сақтау жайында сүбелі ой қозғап, тәжірибе алмасты. Мекеме басшысы Түркістанның тұмарындай болған Ясауи мөрінің таңбасын «Достық үйіне» табыстады.

«Еңселі ел, іргелі мемлекет атануы, бірлік, келісім және өзара қолдау қағидаттарына негізделген Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі ерекше. Қазіргі таңда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі әлемдегі ең табысты жобалардың бірі болып танылады. Бүгінде Ұлы Дала төрінде, бір шаңырақтың астында 100-ден астам ұлт өкілдері бір атаның баласындай өмір сүруде. «Бірлік бар жерде – тірлік бар», дейді біздің халық. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.  Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді – сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық келісімді сақтау еліміздің әрбір азаматының перзенттік парызы екенін атап өткен болатын."Шын мәнінде, татулық пен тұрақтылық ең асыл құндылық екеніне бәріміз көз жеткіздік. Тыныштық болмаса, басқа табыстың бәрі бір сәтте құрдымға кететінін көрдік. Біз ел бірлігінің арқасында барлық қиындықты жеңіп келеміз. Сондықтан, барды бағалап, ырысты ынтымағымызды қорғау – бәрімізге ортақ қасиетті борыш. Біз бір-бірімізге қамқор, жанашыр болып, жақсылыққа ұмтылуымыз керек. Қоғамдық келісімді сақтау мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес. Бұл – еліміздің әрбір азаматының перзенттік парызы. Біз не істесек те, ел мүддесі үшін жасаймыз. Мақсатымыз – Қазақстанды тұғыры берік, экономикасы қуатты, рухы асқақ, бірлігі бекем мемлекет ретінде ұрпаққа табыстау. Осы тарихи міндетті бәріміз бірге абыроймен атқарып шығамыз деп сенемін", - деп Президентіміз атап өткендей Жаңа Қазақстан – бұл қоғамдық құндылықтарды қайта жүктеу және қоғамдағы әлеумет¬тік, сондай-ақ басқа да мәсе¬лелерді еңсеру. Алға қойылған міндеттерге сүйене отырып, біз Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық құрылымының қоғамдық келісімді нығайту және сақтау үшін үйлесімді жұмыс істеуіне сенім білдіреміз. Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін!»,- деді өз сөзінде мекеме басшысы Эльмира  Жанғазиева. 

Сондай-ақ семинар шеңберінде «Колледждегі Қазақстан халқы Ассамблеясы: жастарды табысты әлеуметтендіру және өзін-өзі тиімді жүзеге асыру моделі» атты жиын өтті. Жиынға Павлодар сервис және тамақтану колледжінің директоры Гүлмира Шұғабаева модераторлық етті. 

Бағдарламада "Қазақ және румын-молдова ұлттық киімдерінің интеграциясы" дефилесі мен тренинг ұйымдастырылды. Сонымен қатар, "Этнокухня" тележобасы және кондитерлік шеберхана, "Замандастар" клубы және т. б. ұсынылды.

Семинар аясында трамвай-кафеде Павлодар қаласы бойынша экскурсия жасалып, «hab - Қоғамдық келісім КММ» этномәдени бірлестіктермен шығармашылық өзара іс-қимылда» алаңында кездесу өтпек. Бағдардамада «Этно мода» жастар жобасы - Жастар қанатының белсенділерімен жұптасқан ЭКО төрағалары қатысуымен ұлттық костюмдер шеруі және «Шығармашылық дуэттер» этномәдени бірлестіктер төрағалары мен "Қоғамдық келісім" КММ қызметкерлері қазақ тілінде танымал әндерді шырқайды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Павлодарда өңірлік семинар өтті
  • Бас консулмен кездесу өтті
  • Фарит Аюпов құрметке бөленді
  • Аналар кеңесі мен медиация кеңесінің жұмыс барысы пысықталды
  • Ассамблея жастары елдік пен бірлік жайында пайымды пікір алмасты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер