Бас консулмен кездесу өтті

image.png

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық қарым-қатынастың тамыры тереңде екені сөзсіз. Екі елді тілінің, дінінің, тарихы мен тағдырының ұқсастығы ғана емес, біртұтастығы біріктіреді. Сондай-ақ, екі елдің шекаралас аймақтары арасындағы сауда-экономикалық байланыс аясы да жылдан жылға кеңейіп келеді.

Осы орайда бүгін Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Раушанбек Матчанов жұмыс сапарымен Түркістан қаласына келді. 

«Достық үйінде» өткен кездесуге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов, облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Әділ Қонысбеков және «Қоғамдық келісім»КММ басшысы Эльмира Жанғазиева қатысты.

Басқосуда достық, ынтымақтастық қарым-қатынастар туралы және бірлескен мәдени іс-шаралар ұйымдастыру жайы талқыланды.

Облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы Өзбекстанның жаңадан тағайындалған Бас консулы Раушанбек Матчановтың қызметіне табыс тіледі. Бұл орайда, Өзбекстанның Бас консулы алғыс білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды бірлесе дамытуға дайын екенін жеткізді. 

«Тарихқа үңілсек, қазақ және өзбек бауырларымыз ерте заманнан бері малы қоралас, егіншіліктері аралас болып келген туысқан халықтар екені белгілі. Өзбекстандағы қазақтар республиканың тек қана экономика, ғылым және мәдениет саласына  ғана өз үлесін қосып қойған жоқ, олар өмірдің барлық саласына белсене ат салысты. Ең бастысы – қазақ пен өзбек бауырлар халықтар арасындағы достық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайтуға үлкен еңбек сіңірді. Мыңдаған қазақ жастары жоғары оқу орындарында білім алып, Өзбекстанды көркейтуге бар күш-жігерін салды. Өз кезегінде өзбек елі де қазақ ағайындардың рухани өмірінің сұраныстарына ден қойып, қазақтардың ұлттық салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрыптарын сақтауына, ана тілінде оқуына жағдай жасады. Қазақ пен өзбек – ежелден достығы мызғымас, сыйластығы жарасқан ба¬уырлас халықтар. Екі елдің салт-дәстүрі, мәдениеті, тілі, діні ұқсас. Тарихы тамырлас, тағдырлас елдеріміздің мақсат-мұраты да ортақ. Біз тату көршілікке және сенімді серіктестікке негізделген қарым-қатынасты жаңа дең¬гейге көтереміз деп сенемін. Қазақ¬стан мен Өзбекстан арасындағы ынты¬мақ¬тастық неғұрлым тығыз және табыс¬ты болса, Орталық Азиядағы ахуал соғұр¬лым тұрақты болады»,- деді Ертай Кенжебекұлы. 

Айта кетейік, Өзбекстанда Қазақ мәднеи орталығы жұмыс істейді. Қазақ мәдени орталығының даму тарихын – бұл өткен замандағы алаш арыстарының азаттық пен бостандық жолындағы күресінің тарихы, Өзбекстандағы қазақ бауырларымыздың өмір тарихының жылнама шежіресі ретінде қарастыруға болады. Қазақ мәдени орталығының қазіргі таңда алға қойған мақсаттары – бауырлас Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әріптестік, достық, ынтымақтастық қатынастардың жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал жасау, екі елдің рухани ұлттық құндылықтарын сақтау әрі дәріптеу, тарихи Отанымен мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстарды нығайту, барыс/келіс, адами ағайынгершілік қатынастардың дамуын жүзеге асыру жолында күрделі де ауқымды жұмыстар жасалатынына сенім білдіреміз деді шараға қатысушылар

Кездесу соңында құрметті меймандарға тұтас Түркі жұртының құты, береке мен бірлігінің символы — «Тайқазан» кәдесыйы табыс етілді.

Көпғасырлық тарихи ке¬зеңдерде діни және мәдени көптүрлілігімен ерек¬шеленетін Қазақстан – тәуелсіздік жылдарында барша әлемге түрлі конфессиялар мен этностардың тату ғұмыр кеше білетіндігін паш етіп келеді. Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім саясаты, діндер мен мәдениеттердің үнқатысуы әлемдік деңгейде мойындалып отыр.Қазақстан – ислам, православие, католицизм, протес¬тантизм, буддизм және иудаизм өкілдері келісім мен бейбітшілікте өмір сүріп жатқан әлемдегі жалғыз жер. Қазақстан халқының кон¬фессияаралық келісім формуласы – бүкіл прогресшіл адамзат тарапынан танылды және де бұл модель әлемнің көптеген мемлекеттері үшін үлгі болып қана қоймай, сондай-ақ сарапшылар мен ғалымдар, әлемдік деңгейдегі саясаткерлердің өзекті ғылыми-зерттеу тақырыбына айналды.

Конфессияаралық келісім – Қазақстан халқы үшін өзара түсіністік пен құрмет көрсетуді қажет ететін қастерлі құндылық. Мемлекетімізде әртүрлі конфессия өкілдерімен достық қарым-қатынас орнатып, оларға қамқорлық танытып, құрмет көрсету саясатынан бөлек адамгершілік құндылық болып табылады. Осы орайда, бүгінгі күні 130-дан астам этнос пен 17 конфессия өкілдері өмір сүретін біздің еліміз үшін тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап конфессияаралық келісімді нығайту мемлекеттің ішкі саясатындағы басты міндет ретінде белгіленді. Осындай қадамның арқасында бүгінде Қазақстан барша әлемге толерант¬тылықтың жарқын үлгісін көрсетіп отыр.

Қазақстанда қоғамдық келісімді қалыптастыру мәселесі елдің көпұлтты болмысымен түбегейлі тығыз байланысты. Ал өзіндік ерекше, көп бағытты және кейде өзара шектелетін мүдделері бар әр түрлі топтарды бір бүтінге біріктіру – өте күрделі міндет. Әдетте, бұл процесс ұлттық өзін-өзі тану жағдайындағы белгілі бір қиындықтармен, этно-ұлтшылдық сезімдердің мерзімді көріністерімен бірге жүреді.

Әмбебап механизм жоқ, оның арқасында белгілі бір идея негізінде азаматтық ұлт қалыптастыруға болар еді. Әр мемлекет өз мемлекетінің этникалық құрамына, тарихи -аумақтық ерекшеліктеріне, заңнамалық нормаларына, стратегиялық және идеологиялық принциптеріне назар аудара отырып, этнополитика мәселесін шешеді. Қоғамдағы тұрақтылықтың негізгі шарты – әр түрлі этностардың мүдделерін үйлестіруді жүзеге асыру әлеуметтік тұтастықтың бұзылуына әкелмейді және ұлтаралық шиеленістің көрінуіне ықпал етпейді. Жалпы, ұлтаралық шиеленістің болуы әрқашан ашық қақтығыстарға әкелмейді, сондықтан бұл құбылыстың факторларын уақытында болжап, алдын алу қажет.Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік қоғамдағы азаматтық бейбітшілікті сақтаудың ең оңтайлы әдісі ретінде мемлекет пен оның институттарының белсенді ынтымақтастығы жағдайында мүмкін болады. Қазақстан үшін қоғамдық келісімді сақтау мен ұлттық бірлікті нығайту саласындағы негізгі институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы. ҚХА бейбітшілік пен рухани келісім принциптерінің дирижері ретінде бүкіл Қазақстан бойынша көптеген этномәдени бірлестіктердің қызметін біріктіреді.Бүгінде республикада 367 этномәдени бірлестік аккредиттелген, оның ішінде 14 республикалық. Жалпы алғанда, бүкіл ел бойынша 43 этностың 1025 этномәдени бірлестігі жұмыс істейді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Павлодарда өңірлік семинар өтті
  • Бас консулмен кездесу өтті
  • Фарит Аюпов құрметке бөленді
  • Аналар кеңесі мен медиация кеңесінің жұмыс барысы пысықталды
  • Ассамблея жастары елдік пен бірлік жайында пайымды пікір алмасты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер