Ассамблея жастары елдік пен бірлік жайында пайымды пікір алмасты

image.png

Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінде «Достық» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Дүниеде достық заңынан артық заң жоқ» тақырыбында Ассамблея жастары мен студенттердің қатысуымен еркін тақырыпта дөңгелек үстел өтті.  Кездесуге Достық клубының жетекшісі Дильноза Балгабаева модераторлық етті.

Жиында Түркістан облысы «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысының орынбасары Ерназар Баетов, Білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, 40 жылдан астам колледжде жас ұрпақты тәрбиелеген құрметті зейнеткер ұстаз Мавлюда Исларилова, колледж әдіскері Мира Сейілбекова, тарих пәнінің мұғалімі Бибігүл Абдуллаева және «Қоғамдық келісім» КММ-нің маманы Рауан Абай қонақта болып, ізгі тілектерін білдірді. 

Кездесуде сөз сөйлеген қонақтар Ассамблея жұмысының мәні және жастарға беріліп отырған мүмкіндіктер туралы ой өрбітті. Сондай-ақ татулығы мен достығы жарасқан Қазақ елінде тұрақтылық пен келісім мәңгілік болсын деп жүрекжарды лебіздерін жеткізді. 

Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету, әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Қазақстан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің мекеніне айналды. Барлық этностар мен ұлт өкілдері тәуелсіз қазақ елінде бейбіт өмір сүруде, ал елімізде қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасқан. Ұлт татулығы мен заң әділдігі берік орнаған елімізде ешкімді аз ұлт өкілі немесе саны көп ұлт өкіл деп бөлмейді. Бәрінің құқығы мен заңды күші бірдей екені екінің біріне белгілі. 

Ел халқының бірлігі мен келісімі, эмоциясы мен көңіл күйі адамның еліне, мемлекетіне деген сүйіспеншілік деп қарауға болады. Қазақ немесе орыс, өзбек немесе украин, армян немесе ұйғыр ұлты болсын, әрқайсы адамның көкірегінде, бойында мемлекетке дешен патриоттық рух, республикамызға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі бар екені анық. Қазақстанда республикасында өмір сүретін әрбір адам, елде тұратын барлық ұлт өкілдері арасындағы татулық пен бірлікті, достық пен тыныштықты мақтан тұтып айтып жүргені белгілі. Бұл көзқарастар Қазақстан қоғамының саяси әлеуметтік және экономикалық тұрғыдағы тұрақтылығының негізі тірегі болды деп санаймыз. Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстан республикасында кез келген дінді ұстануға рұқсат етілген, мемлекет әркімнің дін ұстану бостандығын құрметтейді және құрметпен қарайды.

Елдің тұтастығы мен халық татулығы үшін елеулі үлес қосып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылы бірінші наурызда құрылған болатын. Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы жарлық шыққан сәттен бастап бірлестік ел татулығы үшін тынбай еңбек етіп келеді. Бірлестіктің құрылтайшысы және төрағасы қызметін Қазақстан республикасының президенті, конституциямыздың кепілі мемлекет басшысы атқарады. Қазақстан аумағында қазіргі сәтте жүзден аса этнос өкілдері өмір сүріп жатқанын жоғарыда айттық. Кең-байтақ қазақ даласы елдегі әр ұлттан құралған жиырма миллион тұрғынның ортақ шаңырағы саналады. Осы ортақ шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан әрбір қазақстандық азамат достық пен татулықтың қадірін бір кісідей біледі. Соны сақтау үшін қолдан келгенін жасауға әрбір қазақстандық дайын екенін де айтып жүрміз. Мұндай әдетті Қазақстан жұрты ғасырлар бойы көзқарашығындай сақтап келеді, дәл қазіргі ұлттық татулық пен береке-бірлікті келесі ұрпаққа аманаттап қалдыруға әрбір қазақстандық міндетті екенін ерекше еске саламыз.

Іс-шарада этнос жастары достыққа, ынтымақтастыққа негіздейтін ұлы тұлғалар мен атақты ақын-жазушылардың өлеңдерінен үзінді оқыды. Сонымен қатар жуырда еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жаңадан бой көтерген «Достық үйімен» танысқан сәті туралы арнайы дайындалған бейнероликті тамашалады.

Алдағы уақытта көлледж басшылығы мен этнос жастары «Достық үйімен» танысып, этносаралық татулық пен достық саласындағы қоғамдық көпшілік іс-шараларды бірлесе ұйымдастыруға ұсыныс білдірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер