Басшылар есеп берді

image.png

Бүгін Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ-і филиалдарының 2024 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарлары талқыланды. 

Бұл орайда «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиеваға аудан, қалалардағы филиал басшылары атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. 

Эльмира Ұласбекқызы өз сөзінде Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын негізге алып, этносаралық бірлікті сақтау, тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, елді игі істерге ұйыстыру қажет екенін жеткізді. 

Сондай-ақ басқосуда Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жоспары мен Ассамблеяның қоғамдық жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.

Жалпы, облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің және филиалдарының тарапынан жыл басынан бері өңіріміздің аудан, қалаларында 130-дан аса ақпарататтық-насихаттық топтың кездесуі өткізілген. Оған 9000-ға жуық адам қатысқан. Сондай-ақ жыл басынан бері әлеуметтік желілерде бірлікке үндеген 1700-ден аса материал жарияланды. Бұдан бөлек, мекеме мен 9 филиалдың ұйытқы болуымен 1284 іс-шара және 70 қайырымдылық шарасы өткізілді. Оған 40 мыңнан аса адам қатысқан.

Басқосуда салалар бойынша туындап отырған өзекті мәселелер ортаға салынып, олардың шешу жолдары ұсынылды. 

Жиынды қорытындылаған мекеме басшысы салалық бөлім мен филиал басшыларына нақты тапсырмалар беріп, ел бірлігін нығайту жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Еске сала кетсек, таяуда өңірімізге жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында жаңадан бой көтерген «Достық үйінің» жұмысымен танысқан болатын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер