Тазалық басты назарда

Screenshot_1.jpg

Сайрам ауданы - мегаполис Шымкент қаласының дәл жанында орналасқан. Шымкентке келген туристер Сайрам арқылы өтеді. Олар жол-жөнекей Сайрам ауданын тамашалап өтеді. Және ауданға тоқтап, сервисін пайдаланатындар да көп. Сол себепті де Сайрам ауданы туристер талабынан шыға білгені жөн. Туристер көбіне тазалыққа баса мән береді. Тап-таза болып тұрған жер көңілді көтеріп, жанды жадырататары белгілі.

Осыған орай Сайрамда тұрғындардың үйлерінен шыққан қоқыстарды алып кетумен 6 мекеме айналысады. Мекемелер мен  ауылдық округ әкімдіктері арасында жұмыс кестесі бекітілген.

Алайда қоқыстарды тасымалдау кестесі жиі бұзылады. Оның бірден бір себебі  жергілікті тұрғындардан қаражат жүйелі жиналмайды, және полигонның қоқыс қабылдау қызметі төмен. Бүгін Қарабұлақ ауылында  қоқыс  жинақталатын полигонында «Бір күндік тазалық акциясы» өтті, қоқыс тасымалдаушы мекемелердің техникалары полигон аумағына тегін кіргізілді. 

Аталған акция барысында елді мекендер аумағы біршама тазартылды және ҚТҚ жинақтаушы полигонына 120 тонна қоқыс тегін жеткізілген. Осылайа тазалық мекемелері ауданды таза ұстап отыр. Көше-көшелердегі қоқыстарды жинап әкетіп, тиісті жерге апарып тастайды. Әсіресе жаздың ыстық күндері қоқыстар көшеде тұрып қалмағаны маңызды. Ыстық күнде қоқыс бұзылып, ауру таратуы әбден мүмкін. Сол себепті де тазалық басты назарда. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында ел тарихында алғаш рет 32 мың гектар жерге тамшылатып суғару жүйесі енгізілді
  • Түркістан: Отбасын қолдау орталықтарында жыл басынан бері 4 мыңнан астам қызмет көрсетілген
  • Саурандықтар түркиядағы кәсіпорындармен келіссөз жүргізді
  • Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша республикада 1 орынға шықты
  • Түркістан облысында тұрғын үй құрылысы 7 жылда 3 есе өскен
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер