Түркістанда өндірісті дамытуға түркияның ірі инвесторлары ерекше қызығушылық танытуда

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Ел Президентті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізге инвестиция тарту қарқынына көңілі толмайтынын жеткізген болатын. Үкіметке өңдеу өнеркәсібіндегі инвестициялық жобалар пулын дайындап, оны әлеуетті инвесторлармен пысықтауды тапсырды. 

Screenshot_20.jpg

-- Бұл жұмыс әлі де кездесулер деңгейінде қалып отыр. Нақты нәтиже жоқ. Жобалар алдымен аймақтарда іске асып жатыр. Сондықтан инвестиция тартумен оны жүзеге асыру нәтижесі әкімдерден де сұралады. Бізде арнайы ынталандыру жоспары бар. Басты мақсат еліміздің геологиялық кешенінде ашықтықпен тиімділікті жүзеге асыру керек. Біз бұл туралы әрдайым айтып келеміз, -- деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Бұйыртса Түркістанда «TURAN» арнайы экономикалық аймағы ашылатын болатын. Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері Түркістан қаласында ашылатын «TURAN» арнайы экономикалық аймағының жоспарымен, ұйымдастыру барысымен, мүмкіндіктерімен танысты. Түркия, Әзірбайжан, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан елдерінің делегациясы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге экономикалық аймақтың тұжырымдамасын талқылады. Нәтижесінде, аталмыш жоба менеджментін жүзеге асыруда Түркия тәжірибесі қолданылатын болды.

Айта кетейік, «TURAN» арнайы экономикалық аймағын құру жұмыстары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл идеясын жүзеге асырылуда. Индустрияны дамыту жағынан Түркияның үлкен тәжірибесі бар. Сондықтан, бұл аймақты алдағы уақытта халықаралық деңгейдегі экономикалық аймақ болады деп үміттенеміз.

-- Жұмысты неғұрлым тез бастап, өндіріс орындарын ашуға мүдделіміз. Түркістанда индустриалды аймақ, арнайы экономикалық аймақ құрылған. Енді ол тағы бір экономикалық аймақпен толығады. Жергілікті әкімдік тарапынан «TURAN» арнайы экономикалық аймағына жер беріп, инфрақұрылымын жасақтауға қолдау көрсетуге дайынбыз. Аймақта өндірісті дамыту да аса маңызды, – деді Өмірзақ Шөкеев.

Әлемдік нарықта беделді ірі компания сапаршыларының кеңесіне жүгіне отырып, «TURAN» арнайы экономикалық аймағын халықаралық деңгейде дамыту көзделіп отыр. Түркі Кеңесі Бас хатшысының орынбасары Өмер Кожаман Түркістанда өндірісті дамытуға Түркияның ірі инвесторларының қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. 

–Түркістанға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше бірнеше мемлекеттен түрлі министрлік өкілдерінен құралған делегацияларда бұл салада ақпарат пен тәжірибе мол. Енді делегация мүшелері арнайы экономикалық аймақтың жай-күйін, болашағын, жоспарын саралап, арнайы баяндамалар әзірлейді. Бұл – бірінші қадам. Ең алдымен сараптама жасап алуды көздеп отырмыз. Екіншіден, бұл бастама заңмен бекітіліп, жүзеге асқаннан кейін біз Түркістанға ірі кәсіпкерлер мен өндірушілерді жібереміз. Әсіресе Түркиядан инвесторлар көбірек келеді деген болжам бар. Олар инвестиция салады деген сенім мол, – дейді ол.

Әзірге Әзірбайжан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан өкілдері өз ұсыныстарын айтып, бірлесе жұмыс атқаруға дайын екендерін жеткізуде. 

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев экспортқа бағытталған «TURAN» АЭА жұмысына күш салынып, бұл бағытта жан-жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде Мемлекет басшысы еліміздегі кең инвестициялық және сауда-экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Түркістан қаласында түркі елдерін біріктіретін арнайы экономикалық аймақ құруды ұсынғаны белгілі. Ерекше мәртебе берілген «TURAN» АЭА аясында түркі мемлекеттерінің қатысуымен өндіріс орындары, біріккен кәсіпорындар ашылады деп жоспарланған. «TURAN» АЭА ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу, машина жасау, электр жабдығын өндіру, туристік және білім беру кластерлерінен тұратын өнеркәсіптік-өндірістік кластер құруды, сондай-ақ өзара тиімді сауда қатынастарын орнатуды көздейді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бүгінгі таңдау – ертеңгі болашақ
  • Сауран секторында кездесу өтті
  • Университетімізде республикалық референдум бойынша дөңгелек үстел өтті
  • АЭС – болашақтың энергиясы
  • Балдырғандар Түркістан қаласының полицейлермен бірге рейд жүргізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер