Түркістанның өркендеуі - халық тұрмысының жақсару кілті

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығы негізінде биыл жаңа форматта өткізіліп жатыр.

Screenshot_9.jpg

Ондағы басты мақсат – барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, жиын барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндіру және Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар ету.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ағымдағы жылдың 16 наурызында халыққа Жолдауын жариялады. Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» деп 10 бағытта алдағы уақытта қандай реформалар болатынын айқындап берді. Жолдаудың басым бөлігі еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасы, жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру және дағдарысқа қарсы кезек күттірмейтін мәселелерге арналған.

Мемлекет басшысы Түркістан облысының құрылуы тиімді және ұтымды болғанын атап өтіп, республикамызда жаңадан 3 облыс, яғни Абай, Ұлытау және Жетісу өңірлері құрылатынын мәлімдеді. Жолдаудың негізгі мағынасы – реформалардың нәтижесінде Қазақстан демократиялық дамудың жаңа деңгейіне көтеріліп, өзін-өзі басқару институттары нығайып, биліктің халыққа қолжетімділігін арттыру. Бұл жүйеде әкімдердің, орталық және басқа да мемлекеттік органдардың заң аясында барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, азаматтарды тыңдау және олардың мәселелерін шешу маңызды, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» дегеніміз осы. Оның ішінде, әкімдіктің халық үшін атқаратын басты бағыттары ол – тұрғындардың табысын арттыру, жұмыспен қамту, өмір сүру сапасын арттыру үшін қажетті инженерлік инфрақұрылым мен тұрғын үй, сапалы білім мен саналы тәрбие, медициналық көмек және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері болып табылады. Облыс әкімі өңірдегі басты оң өзгерістерді айта келіп, Түркістан қаласының дамуына ерекше тоқталды.

Түркістан қаласында 12 088 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 268,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, бюджетке төленген салық көлемі 8,1 млрд. теңгеге жетті. Түркістан облысы құрылғалы бері инвестиция көлемі 2,3 есеге өсіп, 660,3 млрд. теңгені құрады (2018 ж. 288,1 млрд.тг.), оның ішінде жеке инвестициялар 450,4 млрд. теңге. «Turkistan» арнайы экономикалық аймағында 10 жоба іске асырылып, 7 288 тұрақты жұмыс орындары ашылды. Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 310 млрд. теңгеге 4 823 жаңа жұмыс орнымен 34 инвестициялық жоба енгізілді. Облыстағы «Turkistan» арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарында жалпы құны 553,6 млрд. теңгені құрайтын 80 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.

2025 жылға дейін маңызды жобаларды іске асыру нәтижесінде, өңір экономикасына 2 трлн. теңгеден астам инвестиция бағытталатын болады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 322,9 млрд. теңгені құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 4,1%-ға артты. 2025 жылға дейін құрылыс жұмыстарының көлемін 439,3 млрд. теңгеге жеткізу көзделуде. Жалпы, соңғы 3 жылда Түркістан қаласында 536 жоба іске асып, оның 251-і пайдалануға тапсырылды.

Санақ нәтижесі бойынша қала халқы 56 356 адамға өсіп, 221 102 адамды құрады. 2018 жылы 164746 адам болатын. 4 жылда қалаға тартылған инвестиция көлемі 8 есеге артып, жалпы 793,2 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде, 50% жуығы жеке инвестициялар (389,4 млрд.теңге). Қаланың негізгі әлеуметтік-инфрақұрылымы қаланып, жаңадан халықаралық әуежай, әкімшілік-іскерлік және рухани- мәдени орталықтары салынды.

Ағымдағы жылы Мұз айдыны, Теннис орталығы, Ескек есу каналы, Б.Саттарханов атындағы спорт кешені, Туристерге арналған жасанды көл демалыс орталығы салынып, пайдалануға беру күтілуде. 4 жылда Түркістан қаласында жалпы 337 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Аталған көпқабатты тұрғын үйлердің барлығы толық аяқталса, 15 мың пәтер пайдалануға беріледі. Бұл дегеніміз бір отбасында 4 адам болса, онда бүтін бір Кентау қаласы салынды деуге болады. Бұған қоса ерекше 3 мәселенің түбегейлі шешілгенін көруімізге болады.

2021 жылы табиғи газды және сұйытылған газды қауіпсіз пайдалану мақсатында әлеуметтік қолдауға мұқтаж 500 отбасыға газосигнализатор орнатылды. Бұл жұмыстар өз кезегінде қаланың экологиялық ахуалын жақсартып және жасыл экономика бағдарламасына оң септігін тигізуде. Түркістан қаласында халық 100% таза ауыз сумен қамтасыз етілмеген және суғармалы су жоқтың қасы болатын. Осы мәселерді шешу мақсатында бірінші кезекте халықты ауыз сумен қамтамасыз етуды қолға алынды. 2 ірі жобаның арқасында бүгінгі таңда, 2050 жылға дейін халық саны 500 000 адамға жетеді деген болжаммен бұл мәселе түбегейлі шешілді.

Ағын су жағдайы бойынша Түркістан қаласына 234 млн. текше метр ағын су жетіспейтіндігі анықталды. Осы мәселені шешу үшін ғалымдармен, ауыл ақсақалдарының пікірлерін тыңдай келе, Түркістан қаласына 248,8 млн. текше метр ағын су жеткізудің жолы табылды. Олар: «Түркістан магистралды каналын күрделі жөндеу» жобасы арқылы 60 млн. текше метр су үнемделеді және қала аумағындағы 8 шақырым канал бойы абаттандырылады (құны 16,5 млрд.тг). Бұрын ағын су 43%-ға фильтрациялық шығынға ұшыраса, бүгінгі күні 52 шақырым каналды бетондау жұмыстары жүргізілді. 2021 жылдың желтоқсан айында «Кеңсай – Қосқорған – 2» су қоймасы жобасы пайдалануға берілді. Жоба аясында 34 млн. текше метр ағын су жеткізіледі. «Арыс-Түркістан магистральдық арнасын толықтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық арна салу» арқылы 52,8 млн. текше метр ағын су жеткізіледі (құны 30,2 млрд.тг). Жаңадан «Сарқырама» су қоймасын салу арқылы 65 млн. текше метр ағын су жеткізіледі (құны 7,4 млрд.тг) Кентау қаласында “Қосқорған”су қоймасын толықтыра отырып, су төмендету жүйесін салу жобасы арқылы 40 млн. текше метр ағын су жеткізіледі (құны 20 млрд.тг).

Бүгінде Түркістан қаласын дамытудың 2-кезеңінің жұмыстары басталып кетті. Кешенді жоспарға сәйкес 109 жобаны іске асыру жоспарланған. Инвестиция көлемі 1,3 трлн. теңге, оның 1 трлн. теңгесі немесе 77%-ы жеке инвестициялар. Дамытудың ІІ-кезеңі 4 аумақта іске асырылады:

1-аумақта әуежай аумағына ауыл шаруашылығы және басқа да серпінді жобалар іске асырылады;

2-аумақта әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында заманауи білім, денсаулық сақтау, спорт нысандары мен әкімшілік ғимараттар, демалыс орындары салынады;

3-аумақта Б.Саттарханов даңғылы бойынша спорт кешені, Яссы желілік саябақтары салынады;

4-аумақта мәдени-рухани орталықта Әзірет Сұлтан мұражай аумағы абаттандырылып, Қылует мешіті, аз қабатты тұрғын үйлер құрылысы іске асырылатын болады. Аталған шараларды іске асыру нәтижесінде 2025 жылы облысымыздың жалпы өңірлік өнім көлемі 3,6 трлн. теңгеге жетіп, халықтың табысы мен еңбек өнімділігі 50%-ға өсіп, 40 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев  Түркістанның төрінде орналасқан «Ақжайық» саз мектебі киелі шаһардың соңғы жылдардағы шарықтап өсуінің сырына кеңінен тоқталып, атқарылған жұмыстарды жоғары бағалады. Облыс активі мен қала тұрғындарының сұрақтарына тиянақты жауап беріп, кей мәселелер бойынша тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар жүктеді. Өңір басшысы сәуірдің 8-і күні Сауран ауданы мен Кентау қалаларында жұртшылықпен кездесуді жоспарлап отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер