Түркістандық 15 мыңнан астам тұрғын үй кезегінде тұр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында 2022 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасының Үкіметі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне (ИИДМ) азаматтардың әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаттарына жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау үшін төлемдерді тағайындау және төлеу тәртібін айқындау жөнінде өкілеттіктер беретін Қаулы қабылдады.

Screenshot_12.jpg

Аталған Қаулының қабылдануы ИИДМ-ге баспанаға аса мұқтаж азаматтарға қайталама тұрғын үйді жалға алғаны үшін төлем тағайындау және оны төлеу қағидаларын бекітуге мүмкіндік береді.

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің баяндауынша, құрылыс бөлімі тарапынан 2020 жылдан бастап Түркістан қаласындағы Әкімшілік-іскерлік орталықта 7, 9 және 12 қабатты жалпы 82 тұрғын үй мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілуде. Оның аумағы 340,9 мың шаршы метр болса, барлығы 5313 пәтері бар. Тоғыз қабатты бес үйде 14,02 мың шаршы метрлік 225 пәтер пайдалануға берілетін болады. Несиеге берілетін пәтерлер саны 4039-ға жетіп отыр. Жеті қабатты 32 үйде 116,4 мың шаршы метрлік 1851 пәтері қамтылады.

12 қабатты 45 үйде 210,5 мың шаршы метрі қамтылып, 3237 пәтер салынуда. Мұндай құрылыс қарқыны Қазақстанның еш жерінде жоқ. Барлығы 5313 пәтерде қала тұрғындары қоныс тойын тойламақ.

2020 жылы 336 пәтерлік жеті қабатты жеті тұрғын үй ипотекалық несиемен берілді. Қала әкімінің айтуынша 2021 жылдың сегіз айында 7 қабатты 10 тұрғын үй яғни 780 пәтер (53478 ш.м.) қабылдаудан өтіп, пайдалануға берілді. Оның 330 пәтері ипотекаалық несиеге берілсе, 450 пәтерді кезекте тұрған отба-сыларға беру жоспарланған. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқан жеті қабатты жеті тұрғын үйдің 336 пәтері түгелдей ипотекалық несиеге беріледі. Қазіргі таңда оның бесеуі қабылдаудан өтті. Әр тұрғын үйде 48 пәтерден бар. Оның ішінде, 1 бөлмелі – 45,73 м², 2 бөлмелі – 66,65 м², 3 бөлмелі – 82,13 м².

Қала әкімі ұсынған тұрғын үй нарығындағы ақпараттарға көз салсақ, бірнеше компания өз ұсыныстарымен жаңа жобаларын жасап шығарды. Мәселен, Матайбеков жобасы бойынша, 12 қабатты 10 тұрғын үй 680 пәтер 38426,3 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде 600 пәтер сатылымға қойылса, 80 пәтер көпбалалы отбасыларға беріледі. Әр тұрғын үйде 68 пәтерден, оның ішінде, 1 бөлмелі – 31,0 м², 2 бөлмелі – 58,60 м², 3 бөлмелі – 78,58 шаршы метрді құрайды.

Тұрғын үйлердің жертөлесі коммерциялық қабатпен қамтылған. Қазіргі таңда тұрғын үйлердің 5 данасының құрылысы аяқталып, Отбасы банкі арқылы сатылымға қойылған. Тұрғын үйлер орталық жылу жүйесімен қамтылған. Түркістан қаласының Бас жоспарына сәйкес, 12 қабатты 29 тұрғын үйдің 2047 пәтері 141 861 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде 1471 пәтер сатылымға қойылса, 576 пәтер кезектегі отбасыларға беріледі. Бас жоспарға сәйкес тұрғын үйлер алты жер телімінде 5 үйден орналасқан. Әр тұрғын үйде 70-71 пәтерден бар. Оның ішінде, 1 бөлмелі -40,76 м², 2 бөлмелі – 62,14 м², 3 бөлмелі – 88,59 м². Қабылдау биылғы жылы басталып, келесі жылы жалғасады.

Интер констракшн жобасымен қамтылған 12 қабатты 6 тұрғын үй 510 пәтер 30263 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде 446 пәтер сатылымға қойылса, 64 пәтер көпбалалы отбасыларға беріледі. Әр тұрғын үйде 85 пәтерден, оның ішінде, 1 бөлмелі – 42,90 м², 2 бөлмелі – 64,46 м², 3 бөлмелі – 77,95 м². Мердігер тарапынан қазіргі таңда екі тұрғын үйдің ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Осы айдың соңына дейін қабылдау жоспарланып отыр. Қалған төрт үйдің жобасына түзету енуіне байланысты биылғы жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Тур проект жобасының аясында 7 қа-батты 15 тұрғын үй 735 пәтер 43263,1 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде 735 пәтердің барлығы сатылымға қойылады. Аталған тұрғын үйлер қараша айларынан бастап қабылдаудан өтетін болады. Әр тұрғын үйде 49 пәтерден, оның ішінде 1 бөлмелі – 36,14 м², 2 бөлмелі – 58,46 м², 3 бөлмелі – 69,36 м². Тұрғын үйлер бойынша бес тұрғын үй құрылысы аяқталуға жақындап, банкке сатылымға қойылған. Үйлер толығымен ағымдағы жылы қабылдаудан өтеді. Мұнда дербес жылу жүйесі болады.

Қаз Элит строй -2050 жобасы да өте ауқымды. Бұл жобаның ішіне кіретін 9 қабатты 5 тұрғын үй 225 пәтер 14027 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде 121 пәтер сатылымға қойылса, 104 пәтер көпбалалы отбасыларға беріледі. Әр тұрғын үйде 45 пәтерден, оның ішінде 1 бөлмелі – 38,4 м², 3 бөлмелі – 68,62 м².

Бүгінгі күнге екі тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Қалған үш үйде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Нысан құрылысы 2022 жылдың наурызына дейін созылатын түрі бар. Тұрғын үйлер толықтай орталық жылу жүйесімен қамтылады.

Қазіргі таңда тұрғын үй мәселесі ел тұрғындары үшін ең өзекті тақырыптың бірі. Түркістан жағдайында баспана жайын шешудің бірнеше жолы бар: құрылыс компанияларынан тікелей сатып алу, банктердің ипотекалық бағдарламалары, қызметтік пәтер алу, жалға алып, кейін толық сатып алу, мемлекеттік бағдарлама арқылы алу немесе азаматтардың жекелеген тобына әкімдіктен берілетін үйлер.

Елімізде үй кезегіне тұратын адамдар санаты электронды Үкімет порталда бекітілген. Ең алдымен, тұрғын үй кезегіне тұру үшін азамат өзі баспаналы болғысы келетін елдімекенде тұрақты тұруы тиіс. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға үміткерлер тізімі былай қалыптасқан. Алдымен Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» ал-қаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I жә-не II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар, көпба-лалы отбасына жататын азаматтар, ха-лықтың әлеуметтік әлсіз топтары, мемле-кеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, әскери қызметкерлер, ғарышкерлікке үміткерлер және мемлекеттік сайлау лауазымындағылар қамты-лады. Жалғыз баспанасы апатты жағдайда деп танылған азаматтар. Еліміздің заңнамасы бойынша азаматтарға тұрғын үй тегін берілмейді. Бұл туралы сала маманы Шымкент қаласының тұрғын үй басқар-масының есепке алу және тұрғын үйді бөлу бөлімінің басшысы Жұлдызай Ордабекова қазіргі таңда тұрғын үйге қол жеткізудің екі бағыты жүзеге асып жатқанын айтады. «Бірінші бағыты – сатып алу құқығынсыз жалға пәтерлер алу және екіншісі – несиелік негізде берілетін пәтерлер. Кезекте тұрған азаматтар қалауы бойынша жалға алу арқылы тұрғын үймен қамтылады. Егер олар кезек күткісі келмесе, несиелік жолмен баспанаға ие бола алады», – дейді ол.

Несиелік жолмен тұрғын үйге қол жеткізуде кезекте тұрған азаматтарға жеңілдетілген бағдарламалар қарастырылған. Түркістан облысы мен қала аумағында тұрғын үй мәселесін шешу үшін 2019 жылдың маусым айында «Бақытты отбасы» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды.

Ол бойынша 20 жылға 10 пайыздық алғашқы жарнамен жылдық мөлшерлемесі 2 пайыз жеңілдетілген ипотека беріледі. Сондай-ақ, үйге мұқтаж ретінде әкімдікте есепте тұрған азаматтар «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағыты «Шаңырақ» жобасына қатыса алады. Бұл бағдарлама бойынша 5 пайыздық жылдық мөлшерлемемен, 10 пайыз алғашқы жарна арқылы 20 жылға несие алу мүмкіндігі берілген. Алайда, Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2021 жылдың желтоқсанындағы қорытынды бойынша елімізде жаңа пәтерлердің бағасы 1,9 пайызға өсті. Ал, екінші сатылымдағы пәтер бағасы 1,2 пайызға қымбаттаған. Жалға берілетін тұрғын үй саласында да бағаның өскені байқалады. 2021 жылдың қыркүйегінен қазанға дейін бір айда тұрғын үйді жалдау ақысы 0,9 пайызға қымбаттады.

Ұлттық статистика бюросы мәліметіне сәйкес, республика бойынша жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрі 352 654 теңгеге бағаланады. Бұған дейін қолданыста болған пәтерді сату кезінде бір шаршы метрі үшін баға 279 216 теңгеден басталады. Ал, пәтерді жалдап тұру ақысы бір шаршы метрі үшін орта есеппен 1 888 теңге тұрады. Осылайша бір жыл ішінде жаңа пәтер құны 14,6 пайызға, екінші сатылымдағы пәтер 23,7 пайызға қымбаттады.

2015 жылдың желтоқсанына қарағанда жаңа тұрғын үйдің бағасы 27,4 пайызға, екінші сатылымдағы үй бағасы 43,1 пайызға өсті. Баға 2020 жылдың соңы мен 2021 жылы тым шарықтаған.

Қазақстандағы тәжтажал індетіне бой бермей, жыл бойы құрылыс жұмыстарын тәулік бойына тоқтатпай келе жатқан киелі Түркістан қазіргі таңда алып құрылыс алаңына айналған. Еліміздің барлық өңірінен Түркиядан, Өзбекстаннан келген шеберлер шаһардың шырайын келтіруде. Алайда, баспана жайы құрылыста жұмыс жасап жатқандардың да, қала тұрғындарының да барлығының дерлік бас ауруына айналған. Қалайда, бір қалқан болар, көлеңке іздегендей сабылып «Отбасы банкінің» маңынан шықпайды.

Соңғы деректерге сәйкес, Түркістан қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны 13 мыңнан асады. Ал, Республика бойынша кезекте тұрған¬дар саны – 562 мың адамға жеткен. Парламент, Үкімет деңгейінде халыққа тұрғын үй салу үшін жер беру мәселесін оңтайландырып, баспана бағасын төмендетудің жайын қарастырмаса, жарты миллионнан астам адамның баспанасыз жүруі – бұл шын мәнінде әлеуметтік шиеленісе түсуіне әкеліп соқтыратын қауіпті құбылыс.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер