Еңбек жәрмеңкесінде 1000-ға жуық жұмыс орны ұсынылды

Бүгін облыс орталығында кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Бұл - жұмыссыздар санын азайту үшін өткен үшінші жәрмеңке. Жәрмеңкеге 250-ден аса тұрғын келді. 

Онда 333 мекемеден 941 бос жұмыс орны ұсынылды. Олардың 352-сі - 35 мекеменің қоғамдық негізде, 189-ы - 106 мекеменің тұрақты негізде, қалғаны жеке кәсіпкерлердің сұранысы бойынша жасалды.

Жәрмеңкеде сөз алған қала әкімінің орынбасары Талғат Байжанұлы жұмыссыз тұрғындар үшін жасалған таптырмас мүмкіндіктен игі нәтиже шығатынын атап өтті. Сонымен қатар, қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры Ақмарал Пернебекқызы мұндай шаралардың әлі де жалғаса беретінін жеткізді.

Айта кетсек, жәрмеңкеде үміткерлердің жаңа жұмыс орындарына орналасқаны туралы толық ақпарат ертең белгілі болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамдық 32 отбасы баспаналы болды
  • Түркістан облысында ел тарихында алғаш рет 32 мың гектар жерге тамшылатып суғару жүйесі енгізілді
  • Түркістан: Отбасын қолдау орталықтарында жыл басынан бері 4 мыңнан астам қызмет көрсетілген
  • Саурандықтар түркиядағы кәсіпорындармен келіссөз жүргізді
  • Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша республикада 1 орынға шықты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер