«Астана» брендінің оралуы – жаңа серпіліс

Еліміздің бас қаласы Астана аталып тұрған тұста дәл осы атаумен спорттық ұжымдардың саны артты. Мәселен, бір ғана «Астана» футбол клубы Еуропа Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті. 

Screenshot_78.jpg

Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне дейін бақ сынап, «Манчестер Юнайтед», «Атлетико Мадрид», «Селтик», «Спортинг» секілді азулы командалармен текетіресті. Айналасы 5-6 жылдың ішінде ірі жетістіктерге қол жеткізген жас ұжымға кәрі құрлықтағы аладоп жанкүйерлері тамсана қарап, клуб пен қала атауы өз имиджін бірге қалыптастырып, біте қайнасып кетті.

Жуырда Мәжіліс депутаттары бас шаһарға бұрынғы атын қайтаруды ұсынды. Астана атауын қайтару туралы ұсыныс Конституциялық заң жобасына енгізілді. Астана - жалпақ жұрттың тіліне жатық, әрі әлемдік брендке айналып үлгерген атау. Жоғарыда аталған аяқдоп ұжымынан бөлек «Астана» атын иемденген баскетбол командасы мен велоклуб бар. Велоклуб шабандоздары жыл сайынғы ірі додаларда үздік нәтижелер көрсетсе, баскетбол командасы маңдайалды ұжымдар өнер көрсететін бірыңғай лигада ойнайды. Оған қоса, бұл шешім еліміздегі айтылып жатқан әр ұсыныс Мемлекет басшысының назарында екендігінің айғағы.

Дегенмен, бұл өзгерісті Тұңғыш Президенттің еңбегін елемеу, оны жоққа шығару деп түсінбеу қажет. Н.Назарбаевтың есіміне берілген даңғылдар мен көшелер, нысандар сол қалпында қалғаны дұрыс деп санаймын. Н. Назарбаевтың ел астанасын Арқа төсіне көшіру туралы идеясы Қазақстанның дамуындағы маңызы зор тарихи бетбұрыс болғанын білуіміз керек. Оның елорданы Есілдің жағасынан салу жөніндегі бастамасы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне де, әлемдік қауымдастық алдындағы беделіне де айтарлықтай серпіліс әкелді. Бұл еліміздің геосаяси бағытын нығайтуға үлкен үлес қосты. Астананы көшіру идеясы елді біріктіруші факторға айналды. Бүгінде елордамыз – халқымыздың мақтанышы һәм сүйікті шаһары.

Бақытжан Әшірбаев,

Республикалық "Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері" қоғамдық бірлестіктері үйлестіру кеңесінің төрағасы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер