Астана атауын қайтару: Ең алдымен халықтың ұсыныс-пікірі ескеріледі

«Жаңа Қазақстан» деп жатырмыз ғой. Қазір біздің қоғам даму, жаңару үстінде. 2019 жылдан бері қаншама жаңалық болды. Мәжілістегі «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы астананың осыған дейінгі атауын қайтаруды ұсынуы - сөзіміздің бір дәлелі. Бұл бастама депутаттардың азаматтық позициясы дер едім. 

Screenshot_79.jpg

Жалпы елдік мәселелерде қоғамның талабы ескерілуі керек деп ойлаймын. Депутаттардың елордаға Астана атауын қайтару туралы ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Фейсбуктегі әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдіргені мәлім. Депутаттардың бұл бастамасы туралы Президент хабардар. Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенді. Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді», деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Фейсбуктегі парақшасында.

Демек, астана атауы өзгереді. Бір кездері өзгеріп кеткен елорданың ескі атауы қайтарылатын сыңайлы. Халық үшін бұл, әрине, әділ шешім деп ойлаймын. Түптеп келгенде, халықтың пікірі маңызды. Аталған мәселе Президенттің "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы негізінде азаматтардың пікірін ескере отырып ұсынылды деуге негіз бар. Дегенмен, елорданы қайта атау қосымша төлемдерді қажет етпейді. Неге десеңіз, "Астана" бренді қазірдің өзінде белгілі бүкіл әлемде, сондықтан оны нөлден "жылжыту" қажет емес.

Әрине, Президент атап өткендей, Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Ә. Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт. Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа да нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс.

Жасырары жоқ, астананың бұрынғы атауын қайтару - бұл жаңа қадам, бұл азаматтардың саяси жүйеге деген сенімін арттырады. Сонымен қатар, "Астана" брендін қайтару экономикалық, мәдени тұрғыда, туристік елдің әлеуетін арттыруда тиімдірек болады. Бұрынғы атауын қайтаруға байланысты шығындар ел астанасын жандандырудан түсетін кірістердің өсуімен өтелетінін де ескеруіміз керек. Түйіндей айтқанда, "Астана" брендінің оралуы жаңаша серпін береді, қаржы-экономикалық орталығы ретінде елорданың абыройын одан әрі асқақтатары сөзсіз.

Айжамал Жадигерова,

Заң ғылымдарының магистрі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бүгінгі таңдау – ертеңгі болашақ
  • Сауран секторында кездесу өтті
  • Университетімізде республикалық референдум бойынша дөңгелек үстел өтті
  • АЭС – болашақтың энергиясы
  • Балдырғандар Түркістан қаласының полицейлермен бірге рейд жүргізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер