Түркістан қаласында 10 инвестициялық жоба іске асырылады

Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департамент мамандарының берген мәліметтеріне сүйенсек, былтыр Түркістан облысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 660 млрд 253 млн теңгеге жетті. Инвестиция салымдарының басым бөлігі өнеркәсіп саласына (27,7 пайыз) тиесілі.

Screenshot_102.jpg

Кейін жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (19,5 пайыз), сондай-ақ өнер, ойын-сауық және демалыс саласына – (12,7 пайыз) тиесілі. 

-- 2021 жылы Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 1 трлн 859 млрд теңгеге жетті. Нақты көлем индексі бойынша облыс республикада 8-орынды иемденді. Жалпы өңірлік өнімнің құрылымында ауыл, орман өсіру және балық шаруашылығының үлесі – 19 пайызды, өнеркәсіп – 14,7 пайызды, білім беру – 14,4 пайызды, көлік және қоймалау – 11,6 пайызды алып отыр, – дейді аталмыш департамент директоры Бағлан Абайбекұлы.

Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша былтыр өнеркәсіп өндірісінің көлемі 707 млрд 802 млн теңгені құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 3,6 пайызға артқан. Сондай-ақ, ҚР бойынша жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің 10,1 пайызы Түркістан облысына тиесілі. Оның ішінде Түркістан қаласында  2019-2023 жылдар аралығында 95 инвестициялық жоба базасы мақұлданған болатын. Биылғы жылы шетел инвесторлары есебінен 7 жоба іске асырылып, 278 жаңа жұмыс орны ашылды. Енді алдағы 5 жылда 10 инвестициялық жобаны іске асыру жоспалануда.

Тарқатыңқырап айтатын болсақ, 2025 жылға дейін инвесторлар есебінен тұрғын үйлер құрылысын жүзеге асыру, 2023 жылы Шейх Халифа бен Заид Аль Нахайянның қоры «Ана мен бала» орталығының құрылысын аяқтау, 2023 жылы «House Development» ЖШС «5000 адамға арналған» мешіт құрылысын аяқтау, 2023 жылға дейін «BN2» ЖШС  «5 жұлдызды қонақ үй» құрлысын аяқтау, 2023 жылы «Интерстрой» ЖШС сауда ойын-сауық орталығының құрылысын аяқтау, 2023 жылы «Қылует» қайырымдылық қоры «Қылует» рухани-мәдени орталығын ашу, 2023 жылы «Бозарық АБЗ» ЖШС «Асфальт-бетон шығаратын зауытын және битум қоймасының терминалын іске қосу, 2023 жылға «BAZIS-A» ЖШС-і «Yassy tower» бизнес орталығының құрылысын бітіру, 2023 жылға дейін «ATM TURKISTAN HOSPITAL» ЖШС 570 койкалық көппрофилді медицина орталығының құрылысын аяқтау, 2022 жылы «Shуmkent Triumph Construction» ЖШС сауда ойын сауық орталығының құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер