2022 жылдың 3 тоқсанына кедейлік шегі – 28 470,4 теңге болды

Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мамандарының берген мәліметтеріне сүйенсек, 2022 жылдың басынан бері 8 айдың қорытындысымен  2 874 отбасына (15 587 адам) 1 002 922,0 мың теңгеге АӘК тағайындалып, төлем жасалған.

Screenshot_103.jpg

2022 жылдың 1 тоқсанында 2 374 отбасына (13 089 адам) 392 520,0 мың теңге тағайындалған. Кедейлік шегі – 26 147,1 теңгені құрады. 2022 жылдың 2 тоқсанына 2 257 отбасына (12 424 адам) 332 156,0 мың теңге  тағайындалып, кедейлік шегі – 26 922,0 теңге болды. Ал, 2022 жылдың 3 тоқсанына 2 494 отбасына (13 906 адам) 278 247,0 мың теңге тағайындалып, кедейлік шегі – 28 470,4 теңге болды. Сала мамандары әр тоқсан сайын кедейшілік шегінің көтерілуіне байланысты өтініш берушілер санының артып отырғанын айтады.

Айта кетейік, кепілдендірілген әлеуметтік топтама (КӘТ) бойынша 2022 жылдың басынан бері 8 айдың қорытындысымен 3 986 балаға204 339,0 мың теңгеге КӘТ тағайындалып, төлем жасалынған.2022 жылдың 1 тоқсанына 3 477 балаға (1-3/ 1605; 3-6/1872; 1-6/3477)                  27 930,0 мың теңге тағайындалған. 2022 жылдың 2 тоқсанына 3 371 балаға (1-3/ 1644; 3-6/1727; 1-6/3371)  100 549,0 мың теңге тағайындалған. 2022 жылдың 3 тоқсанына 3 798 балаға (1-3/ 1853; 3-6/1945; 1-6/3798) 75 860,0 мың теңге тағайындалған. 

Өңірімізде демеушілер есебінен де тұрмысы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілуде. 2022 жылдың басынан бері 8 айдың қорытындысымен 857 адамға демеушілер тарапынан әлеуметтік көмек көрсетілген. Оның ішінде Отырар мөлтек ауданнан 195 адам, Бекзат мөлтек ауданынан -- 50 адам, Шавгар мөлтек ауданынан - 130 адам, Сауран мөлтек ауданынан -189 адам, Яссы мөлтек ауданынан -106 адам, Бірлік мөлтек ауданынан -87 адам әлеуметтік көмек алды. Сонымен қатар, демеушілер есебінен 1 281 балаға киім-кешек берілді. 

Түркістан қаласында мүгедектердің жалпы саны-9523 адамды құрады.  Оның ішінде5433 мүгедекке жеке оңалту бағдарламасы түзілген. Қазіргі таңда мүгедектің жеке оңалту бағдарламасы орындалуы 72,3 пайызды құрауда. Жалпы жыл басынан мүгедектің жеке бағдарламасына сәйкес, 4674 құралға өтініш білдіріп, 3378 қамтамасыз етілген.Оның ішінде протез-ортопедиялық құралдарға 595 адам өтініші білдіріп, олардың 359-ы қамтамасыз етілді. Сурдо-техникалық құралдарға 164 адам өтініші білдіріп, олардың 109-і қамтамасыз етілді. Тифло-техникалық құралдарға 347 адам өтініші білдіріп, олардың 283 қамтамасыз етілді. Арнаулы жүріп-тұру құралдарына 286 адам өтініші білдірсе, олардың 266 қамтамасыз етілді. Санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге 1167 адам өтініші білдіріпті. Бүгінде соның 437-ы курортқа жолдама алды. Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметіне 309 адам өтініші білдірген еді. Қазір 304 адам жеке көмекшімен қамтамасыз етілді. Ымдау тілі маманының қызметіне 89 адам өтініші білдіріп, соның 80-і қамтамасыз етілді. Міндетті гигиеналық құралдарға 1717 адам өтініші білдіріп, бүгінде соның 1540-ы қамтамасыз етілді.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде «Үйдеәлеуметтіккөмеккөрсету»  бөлімшесінде әлеуметтік қызметкерлер саны – 27 ( 1-меңгеруші,1-кеңесші,27 әлеуметтік қызметкерлер).Үйде әлеуметтік көмек көрсету секторында жалғыз басты қарттарды күтушілер – 6, мүгедек балаларды күтушілер – 17. Әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде  37  жалғыз басты қарт зейнеткерлер мен мүгедектер және 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар 100 бала, ал 18 жастан асқан мүмкіндігі  шектеулі  5 мүгедек  есепте тұрады. Жалпы 142адамға әлеуметтік  қызметтер көрсетілді.

Жартылай стационар жағдайында оңалту бағдарламасы бойынша 2022жылы Түркістан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-не әлеуметтік қызмет алуға 46 мүмкіндігі шектеулі бала кешенді қызметтермен қамтылды. 2022 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 1 үкіметтік емес ұйым 70  мұқтаж азаматтарға ( 70 мүгедек  бала) күндізгі бөлімшеге  арнаулы  әлеуметтік қызметтерді ұсынды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер