Түркістандық кәсіпкер су шығара бастады

Түркістан облысындадәл қазіргі уақытта 155 073 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер жұмыс істеуде. 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жұмыссыз азаматтарға арналған кәсіп ашу мақсатында 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз гранттар, жаңа бизнес идеяларды қолдау мақсатында 5 млн. тг дейінгі қайтарымсыз гранттар және кәсіп ашу немесе бар кәсібін дамыту мақсатында жеңілдетілген несиелер қарастырылған.

Screenshot_64.jpg

Сонымен қатар, Агронесиелік корпорациядан, «Ырыс» микроқаржылық ұйымынан пайызы жеңілдетілген несие алу мүмкіндігі бар. Краудфандинг алаңын қолдана отырып инвестиция тартуға да болады.

Түркістанда инвесторлардың көмегімен микробизнесті, стартаперлерді, «Бастау Бизнес» түлектерін қолдау мақсатында алғаш рет «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы ұйымдастырылған.Бұл алаңда мол табыс табудың қыр-сырын үйретіп, кәсіптің өркендеуіне үлес қосуға өңір кәсіпкерлері қолдау көрсетеді. Қазіргі таңда, аталған жобаның 3 маусымы өтті. 88,3 млн. теңгеге 23 жоба кәсіпкерлер тарапынан қолданып отыр.

Осы ретте «Кәсіпкерлерді несиелеу мәселесі бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде?» деген сұраққа да жауап беріп кетейік. Қазіргі таңда кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба қабылданған.Жоба бойынша екінші деңгейлі банктерден 6% несие алуға мүмкіндік бар. Алайда, банктер жекеменшік болғандықтан, өздерінің белгілі тәуекелдері болады. Сол себепті, несие беру үшін банктер жылжымайтын мүлікті кепілге қоюды сұрайды. Соңғы жылдардағы табысыңызды есептейді, несие тарихыңызға мән береді. Жоба аясында «Микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау» бағыты бойынша инвестициялық мақсаттарға 20 миллион теңгеден аспайтын, айналым қаражатын толықтыруға, 5 миллион теңгеден аспайтын несие алуға болады. Кепілге қойылатын мүлік құны жетпеген жағдайда Даму қорынан 50-85 пайызға дейін кепілдік алуға болады.

Мәселен, үйіңізді 20 млн. теңгеге есептесе, үйдің материалдарына, ахуалына қарай банк есептелген мүлік құнының 50-70 пайызы несие ретінде береді. Ұсынып отырған несие сомасы 10 млн. теңгені құрайды, ал сізге 20 млн. теңге қажет, ондай жағдайда Даму қорынан қажетті 10 млн. теңгенің кепілдігін алуға болады.

Сонымен қатар, жоба аясында «Кәсіпкерлер/индустрия-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты бойынша ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге 360 млн. теңгеге дейін, бизнесі бұрыннан бар кәсіпкерлерге 1 млрд. теңгеге дейін мөлшерде несие алуға мүмкіндік бар.Аталған несиелерді РБК Банк, Форте банк, Еуразиялық банк, Жусан банк, Халық банктерінен қарастыруға болады. 

Айта кетейік, 2022 жылдың қаңтар айынан бастап 385 жобаға 12,7 млрд. теңгеге несие берілген.Ағымдағы жылы 218 кепілдендіру келісім-шартқа (сомасы 1,6 млрд. теңге) қол қойылған.Дамудың ашық деректеріне сәйкес, кепілдендіруге 2,3 млрд. теңге қаражат бар, ал несие пайызын субсидиялауға 252,6 млн. теңге қаражат ұсынылды. 

Осы ретте Түркістан қаласында «Turkistan» сауда маркасымен бөтелкедегі ауыз су шығарыла бастағанын айта кетейік. Жақында облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Аслан Ибадуллаев «Түркістанның қасиетті суы» кәсіпорынының жұмыс барысымен танысып қайтты. 

«Түркістанның қасиетті суы»  60 метр тереңдіктен шығады екен. Ол ешқандай қоспасыз, минералдарға бай су. Кері осмосты қолданумен ультракүлгін сәулелерімен өңделіп, ұсынылады. Және арнайы құрылғылардың көмегімен бөтелкеге құйылып беріледі. «Түркістанның қасиетті суында»  — кальций, магний, калий, йод, натрий және басқа микроэлементтер бар екенін де тілге тиек ете кетейік. 

- Кальций жүрек бұлшық етінің жиырылу күшін арттырады, иммунитетті жақсартады. Қабынуға қарсы әсері де бар. Сүйектердің өсуіне оң әсер етеді, олардың беріктігін нығайтады. Магний қандағы холестеринді төмендетеді, жүйке жүйесіне пайдалы әсер етеді. Сондай-ақ, бас ауруын жеңуге көмектеседі, жүрек пен тыныс алу жүйесін қолдайды. Йод қалқанша безінің қызметін белсендіреді, резорбция және қалпына келтіру процестеріне қатысады. Марганец ақуыз алмасуын жақсартады. Бұл судың денсаулыққа пайдасы зар. Түркістан — екінші Мекке саналатын қасиетті жер, әрбір келген қонағымыз біздің қасиетті суымызды тұтынады. Болашақта атақты брендке айналдыру жоспарда бар, - дейді кәсіпорын басшысы М. Бекжанов.

Бұл кәсіпорын толықтай автоматтандырылған. Су өңдейтін құрылғыны және өзге де құрал-жабдықтарды кәсіпкер 100 мың АҚШ долларына шетелден сатып әкелген екен. Қазіргі уақытта өндіріс орнының қуаттылығы күніне 1000 литр су шығаруға қауқарлы. Сондай-ақ, шыны ыдысқа су құюға арналған арнайы жабдықпен қамтамасыз етілген. Мұнымен қатар, алдағы уақытта мұнда шайдың да бірнеше түрі өндірілмек. 

Қазіргі таңда Түркістан қаласында қызмет көрсету мен тауар ұсыну бойынша жергілікті кәсіпкерлік саласын дамыту негізгі басымдыққа ие. Бұл – тұрғындар үшін тұрақты табыс көзі, қосымша жұмыс орны, ал мемлекет үшін салық және арнайы төлемдер.Кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша 2022 жылдың 6- айында «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і 198,5 млн. теңгені құрайтын 16 жобаны қаржыландырды. Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2 есеге артты.Бүгінгі таңда кәсіпкерлік саласында 14155 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар биыл индустриалды аймаққа құны 2990 млн. теңге болатын және 169 жаңа жұмыс орнын құратын 4 жоба тартылып, өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қорытындысын алды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер