Жоспардың негізгі мақсаты – жолдаудан туындаған тапсырмаларды жүзеге асыру

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Жолдауында Қаңтар оқиғасына ерекше тоқталды.

Screenshot_70.jpg

«Қасіретті қаңтар» оқиғалары мен одан кейінгі төтенше жағдай кезінде түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін екі мыңға жуық адам ұсталды. Мен сол кезде Бас прокуратураға олардың қандай кінәсі барын анықтауды және ауыр қылмысы болмаса, жазасын жеңілдетуді тапсырдым. Соның нәтижесінде көптеген азаматтар қамаудан босатылды.Бірнеше жүз адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Біз құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұсталған адамдарды тергеу барысында тыйым салынған тәсілдерді қолданғаны, тіпті оларды азаптағаны туралы фактілер болғанын ашық айттық. 

Орта ғасырлардан қалған осындай жабайылық кез-келген өркениетті қоғамның қағидаттарына қайшы келеді. Бұл – біз үшін де мүлде жат қылық. Мұндай сорақы оқиғалар болғаны жайлы айтыла бастаған сәтте-ақ, мен оны мұқият тексеруді тапсырдым»,-деді Президент.

Осыған байланысты азаптауларға және тергеудің басқа да рұқсат етілмеген әдістеріне қарсы күресті күшейту мақсатында Түркістан облысы прокурорының орынбасары Е.Аблезовтың төрағалығымен құқық қорғау органдары басшыларының, құқық қорғаушылар және адвокаттар қауымдастығымен және қоғам белсенділерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өткізілді.Кездесуде азаптаулар бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексерудің сапасына, оны жүргізудің басқа да рұқсат етілмеген әдістері, сондай-ақ адамдарды қызметтік үй-жайларда заңсыз ұстау және осы бағыттағы өзекті мәселелер талқыланды.Осы жиында қатысушылартарапынан азаптау деректерін алдын алуға бағытталған бірқатар ұсыныстар мен проблемалық мәселелер көтеріліп, оларды талқылау арқылы тізілімі жасақталды және жоюға бағытталған бірлескен жоспар түзілді.

Жоспардың негізгі мақсаты –Жолдаудан туындаған тапсырмаларды жүзеге асыру барысында алдағы уақыттарда азаптаулар бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексерудің сапасына, оның жүргізудің басқа да рұқсат етілмеген әдістеріне, сондай-ақ адамдарды қызметтік үй-жайларда заңсыз ұстаудың алдын алуға бағытталып отыр.

Ұлтай Бауыржанқызы,

Түркістан қаласының тұрғыны

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер