Түркістанда «Е-асхана» пилоттық жүйесі іске қосылмақ

Түркістан қаласында «Е-Асхана» пилоттық жүйесі іске қосылмақ. Осы орайда, Төле би атындағы №19 жалпы орта мектебі мен №28 мектеп-лицейі таңдалып алынған.

Screenshot_10.jpg

Жобаның тиімділігі – балаңыздың мектепте қандай сусын немесе тағам тұтынғанын ұялы телефоныңыздағы қосымша арқылы көре аласыз.Пилоттық жобаны егжей-тегжейлі түсіндіру мақсатында аталған мектептерде кездесу өтті. Жиынға мектеп директорлары мен ата-аналар қатысты. Көпшілігі жүйенің тиімділігі жоғары екендігіне сенімді. Солардың бірі – екі перзенті бастауыш сыныпта білім алатын Ақтолқын Ержігітова.

Жоба жүзеге асырылса, ұл-қызының мектеп асханасынан сатып алған асын қадағалап, тіпті күнделікті қаражат беру шегін белгілеуге болады.«Жүйенің пайдасы орасан екені көрініп-ақ тұр. Арнайы мамандар мектептерде құрылғыларды таныстырды. Түркістандық балалар цифрлық жүйеге үйренуі керек. Жалпы қалалардағы мектептерде орнатылған жүйе республикамызда көң көлемде танылып, қолданыста», – дейді Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова.«Е-асхана» менеджері Әлібек Қалдыбековтің айтуынша, ата-ана баланы жүйеге тіркегеннен соң QR-код беріліп, баланың күнделікті тамақтануына арнап ай сайын немесе күн сайын мүмкіндігіне қарай ақша салып қояды. Оқушы асханаға QR-код арқылы төлем жасайды. Тиісінше, ата-аналары баланың қандай тағам мен сусын алғанын, бағаларын, құрамын бақылауда ұстау мүмкіндігі бар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер