Жас күресшілер қала біріншілігінде бақ сынасты

Республика күніне орай, облыс орталығында түрлі мерекелік шаралар өтуде.  Қалалық "Мәденит, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және Спорт бөлімінің" ұйымдастыруымен кезекті ашық біріншілік өтті.

Screenshot_70.jpg

Шарада облыстың түкпір - түкпірінен келген 11 мен 12 жас аралығындағы 230-ға жуық спортшы бақ сынасты.

Ашылу салтанатында сөз алған, «Amanat» партиясы Түркістан қалалық филиалының атқарушы хатшысы, қалалық мәслихат депутаты Ғаппар Амантайұлы мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақыпбек Айдарбекұлы мен Түркістан қаласының "Құрметті азаматы" Дархан Төреәділұлы қатысушыларға жылы лебізін айтып, сәттілік тіледі.

"Балуан Шолақ" атындағы спорт кешенінде өткен жарыста палуандар 10 түрлі салмақ дәрежесінде белдесті.

Жүлделі орын иелеріне қала әкімінің арнайы марапаты мен медальдері табысталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте жол үстіндегі жанжалдан кейін төрт ер адам ұсталды
  • Түркістан облысындағы колледждерде сұранысы төмен мамандықтар қысқартылмақ
  • Әкесінің өліміне айыпталған Алмас Садақбаев сотта кешірім сұрады
  • Түркістан облысында әкесін аяусыз соққыға жыққан ер адамқа қатысты сот процесі басталды
  • Шетелдік инвесторға Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер