Түркістандықтар туған қаласын жырға қосты

Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Неге маған жырламасқа киелі туған қаламды» жыр кеші өтті. Республика күніне арналған әдеби кеште ақын Әйгерім Жұмабай, Ақмарал Ғаниқызы және өзбек ақыны Мухаббат Аматаева жүрекжарды өлеңдерін паш етті. 

Screenshot_71.jpg

Сонымен қатар, «Түркістан» газетінің редакция меңгерушісі Ләззат Сарыбаева әкесі, ақиық ақын Қаныбек Сарыбаевтың өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ, Тұрар Тілеулиев, Исламхан Мұхамедхан секілді айтыскер ақындар да жырдан шашу шашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Одан бөлек, кеш барысында қалалық мәдениет үйінің әншілері Майгүл Тұрыскелдиева және Қожахмет Аманбаевтың орындауларында әсем де, әуезді әндер шырқалды. 

Жергілікті танымал ақын-жазушылардың қатысуымен өткен іс шараға қалалық әжелер алқасының мүшелері Ханымкүл Ахметова, Жұмакүл Утегенова, Қызайша Саяғарова, Қарлығаш Сейтжапбарова, Фатима Искакова қатысып, жас дарындарға ақ батасын берді.

Көпшілікке рухани демалыс сыйлаған кеш соңында қалалық мәдениет үйінің директоры Лиза Шамет қонақтар мен қатысушыларға алғыс білдіріп, кеш қонақтарына сый-сияпаттар табыстады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда биологиялық белсенді қоспалар мен дәрумендер өндіретін жаңа зауыт ашылуы мүмкін
  • Сайрамдық 32 отбасы баспаналы болды
  • Түркістан облысында ел тарихында алғаш рет 32 мың гектар жерге тамшылатып суғару жүйесі енгізілді
  • Түркістан: Отбасын қолдау орталықтарында жыл басынан бері 4 мыңнан астам қызмет көрсетілген
  • Саурандықтар түркиядағы кәсіпорындармен келіссөз жүргізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер