Түркістандық отбасылар еккен ағаштардың жерсінуі 80%-ды құрады

Түркістанда көгалдандырудың түрлі жобалары жүйелі жүзеге асырылуда. Өткен жылғы он күнге жалғасқан "ОТБАСЫҢМЕН ОН ТАЛ ЕК" отбасылық эко-акциясы аясында түркістандықтар жүз мыңнан аса ағаш көшетін отырғызды.

Screenshot_75.jpg

Игі шараға қала тұрғындарымен қатар мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым мүшелері, зиялылар, ардагерлер және қала тұрғындары атсалысты.

Қаланың жасы мен қарты қатысқан шарада егілген көшеттердің сексен пайызы қазірде көгалданды. Көгалданған ағаштарға ерікті тұрғындардың өздері күтім жасап, қадағалауға алған.

Атап айтқанда, "Самал", "Отырар", 1,2 мөлтек аудандары мен Түркістан-Қызылорда тас жолы бойындағы 20 мыңнан астам қарағаш, гужум, айлант, терек және қарағай сынды ағаш көшеттері жайқалып өскен.

Бүгінде аталған аумақтарда отырғызылған ағаштардың отыз пайызы гидрантты жолмен суландырылса, қалған бөлігіне арнайы суғару жүйелері арқылы күтім жасалуда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер