Шахматтан әлемнің төрт дүркін чемпионы түркістанда шеберлік сағатын өткізді

Түркістан қаласында “Фараб” әмбебап-ғылыми кітапханасында халық¬аралық гроссмейстер, шахматтан әлемнің төрт дүркін чемпионы Динара Сәдуақасова шеберлік сабақ ойынын өткізді.

Screenshot_76.jpg

Шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов және қала әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев қатысып, әлем чемпионына алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.

– Шахмат ежелгі спорт түрі. Бұл жай ғана сайыс емес. Біздің жас та талапты шахматшы балаларымыз гроссмейтердің шеберлік сабағынан өтіп, әлем чемпионымен шахмат ойнады. Бұл тәжірибенің берері мол. Қазақ елінің де бұл ойын түріне қосқан үлесі зор. Спортшыларымыз түрлі чемпионаттарға қатысып, әлемдік додаларда еліміздің намысын қорғап жүр,– деді облыс әкімінің орынбасары.

Шарада 20-ға жуық әуесқой шахматшы даңқты спортшымен ойын өткізу мүмкіндігіне ие болды. 

Бүгінде Динара балалар мен жасөспірімдер арасындағы шахмат ойынын танымал ету мақсатында республиканың көптеген қалаларында және облыс орталықтарында бір мезеттік ойындар, мастер-кластар және турнирлер өткізді.

Әлемдегі ең мықты 10 әйелдің қатарына енген Динара Сәдуақасова қоғамдық жұмыстарын жалғастыра беретінін жеткізді. 

Айта кетейік, шахмат ханшайымы Астанада және Атырау қаласында өзінің шахмат академиясын ашқан болатын. Ол мектепте аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, ерекше қажеттіліктері бар жеткіншектер мен жетім балалар үшін тегін сабақ беріледі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда биологиялық белсенді қоспалар мен дәрумендер өндіретін жаңа зауыт ашылуы мүмкін
  • Сайрамдық 32 отбасы баспаналы болды
  • Түркістан облысында ел тарихында алғаш рет 32 мың гектар жерге тамшылатып суғару жүйесі енгізілді
  • Түркістан: Отбасын қолдау орталықтарында жыл басынан бері 4 мыңнан астам қызмет көрсетілген
  • Саурандықтар түркиядағы кәсіпорындармен келіссөз жүргізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер