Халықаралық меморандумға қол қойылды

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы мен Ислам ынтымақтастығы Ұйымы (ОИС) жанындағы Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы (ИРСИКА) арасында өзара ынтымақтастық келісімі жасалды.

Screenshot_38.jpg

«Фараб» кітапханасының ғылыми орталық мақсаты кітапхана қорын ғылыми кітаптармен толықтыру және ғылымға бет бұрар оқырман қалыптастыру. Сол мақсаттың бір ай ішіндегі алғашқы қадамы – Ислам ынтымақтастығы Ұйымы (ОИС) жанындағы Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығының (ИРСИКА) бас директоры Профессор, доктор Махмуд Ерол Килич мырза бастаған «ИРСИКА» орталығының бір топ зерттеуші ғалымдарының келуі, кітапхана қорына 50-ге жуық ғылыми кітаптарды сыйға тартуы және екі тараптың ғылыми бағытының жалғануымен көрініс тапты.

Шараға Решат Өнгөрен, Досай Кенжетай, Әшірбек Муминов, Айхан Пала, Хаяти Биже, Неждет Тосун, Самет Ялчын, Йекта Зүлфикар, Илгар Бахарлу, Али Йаман, Мехмет Камил Жошқун, Яйои Кавахара сынды ғалымдар қатысты. Кітапхана директоры Жанат Шардарбекова мен Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығының (ИРСИКА) бас директоры Махмуд Ерол Килич арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Сыйға тарту етілген кітаптардың презентациясы жасалды.

Кітапхананың таныстырылымы барысында «Фараб» кітапханасының қаланың орталығында орналасуы үлкен бір жетістік және алдағы уақытта Фарабитанумен қоса біршама конференциялар ұйымдастыру қажеттігін айтып өтті. Келген қонақтар ыстық ықыластарын білдіріп, естелікке суретке түсті. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер