Парламент сенатының депутаттары Түркістанда

ҚР Президентінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында білім, денсаулық сақтау және еңбек cалаларының дамуы мәселелері бойынша ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының Түркістан облысы мәслихат депутаттарымен кездесу болып өтті.

Screenshot_39.jpg

Кездесуді (модератор) облыс әкімінің орынбасары Қалқаманов Сәкен Амангелдіұлы жүргізіп отырады.

“Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласына қош келдіңіздер! Өздерің көргендей Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы 4 жыл ішінде көптеген жұмыстар атқарылды.

Президент тапсырмасы бойынша қаламызды жан-жақты қарқынды дамыту бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Халықаралық деңгейде туризмді дамыту, түркі елдері арасында рухани-мәдени шаралар, сонымен қатар, балаларымызға сапалы білім беру, олардың денсаулығын жақсартуда, облыс халқын жұмыспен қамту бағыттарында кешенді шаралар қабылданып, жұмыстар жүргізілуде” - деді Сәкен Амангелдіұлы. Жиын барысында ҚР Парламенті Сенаты «Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті» төрағасы Сенат депутаты Төреғалиев НариманТөреғалиұлына беріледі.

Түркістан облысы және Түркістан қаласы мәслихаттарының депутаттарымен кездесуде өңірдегі жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы жан-жақты талқылап өз пікірлерімен бөлісу үшін, Түркістан облысы әкімдігінің, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту, қоғамдық денсаулық, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылығымен саларадағы проблемалық мәселелерді талқылады. 

Жиын барысында Түркістан қаласы мәслихатының хатшысы Таңатаров Мақсат Асылбекұлына беріледі. Мақсат Асылбекұлы қаланың әлеуметтік экономикалық дамуы туралы баяндады. Түркістан қаласында өзекті мәселелердің бір қатарын тарқатып айтты. Атап өтетін болсақ:

- мектептерге қаржы бөлу мәселесі; 

- коммуналдық жұмысшылардың жалақысының төмен болуына байланысты нормативтік актілерді өзгертуге; 

- студенттерге жатақхана жетіспеу мәселесі;

- туристердің көптеп тарту мақсатында әуежай рейстерінің бағыттарын ұлғайту;

сынды біршама ұсыныстарын айтты. Жиын соңында шақырылған қонақтармен пікір алысып, өзара талқылау жүргізді. Көтерілген мәселелерді алдағы уақытта бірлесіп атқаруға уағдаласты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда биологиялық белсенді қоспалар мен дәрумендер өндіретін жаңа зауыт ашылуы мүмкін
  • Сайрамдық 32 отбасы баспаналы болды
  • Түркістан облысында ел тарихында алғаш рет 32 мың гектар жерге тамшылатып суғару жүйесі енгізілді
  • Түркістан: Отбасын қолдау орталықтарында жыл басынан бері 4 мыңнан астам қызмет көрсетілген
  • Саурандықтар түркиядағы кәсіпорындармен келіссөз жүргізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер