Түркістанда 100 дана аялдама орнатылды

Түркістан қаласында транспорт саласында 845 шақырым жол, 875 көше, оның ішінде 316,1 шақырым асфальт жол, 392,5 шақырым тас жол, 136,4 шақырым топырақ жол бар. 2022 жыл қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 37,4 пайыздан 40,3 пайызға артты.

Screenshot_49.jpg

Атап айтар болсақ, фсфальт жол 340,9 шақырымды(40,3%), тас жол 471,0 шақырымды(55,7%), топырақ жол 33,1шақырымды(4,0%) құрады. 

Қазіргі таңда қалада көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында І.Қожабаев көшесін реконструкциялау жүргізілуде, нәтижесінде Кентау бағытын ӘІО (АДЦ)арқылы Шымкент бағытына қосатын болады. Сонымен қатар, Ә.Жангелдин көшесін реконструкциялау жүруде, нәтижесінде Қызылорда-Балтакөл бағытындағы жолды байланыстырады.

Қазыбек би – О.Жарылқапов аралығындағы жолдың құрылысы жүргізілуде, нәтижесінде «Яссы» мен Сауран тұрғын алқабын «Отырар» т/а-на байланыстырады.Б.Қалаби көшесін реконструкциялау жүруде, нәтижесінде Балтакөл тас жолын Шәуілдір және Шымкент тас жолына тікелей қосады.

Түркістан станциясының 3103 ПК2+50 және 3106 ПК5+45 пикеттерінде жаяу жүргінші көпірлері салынуда, нәтижесінде «Бекзат» т/а тұрғындарының, Шауғар», «Сауран» т/а үздіксіз өтуін қамтамасыз етеді.Қала аумағындағы 46,4 шқ құрайтын 40 көшеге орташа жөндеу және  105 шқ құрайтын 160 көшеге тас төсеу жұмыстарын жүргізу жүруде, нәтижесінде көлік инфрақұрылымы дамиды.

Жалпы ағымдағы жылы қала аумағындағы 46,4 шқ құрайтын 40 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Оның, қазіргі таңда 7,7 шқ құрайтын 9 көшесінде құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.

Айта кетейік, Түркістан қаласында жалпы 21 бағытта 220 қоғамдық көлік қатынайды. Аталған көліктердің 78 сыйымдылығы жоғары автобустар (жақсы жағдайда) болса, қалған 142-сі шағын автобустар (қанағаттанарлық жағдайда).2021 жылдан бастап қала ішінде экологиялық стандарттарға сәйкес78 жаңа автобус алынды, нәтижесінде қаладағы қоғамдық көліктердің 34 пайызға жаңаланды. Оның 40 –ы «ТехПрофАвто» ЖШС, 38 -і «Жолаушы» ЖШС есебінен алынды.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін қосымша 46 автобус алу жоспарлануда.2023 жылы сараланған (дифференцированный) тарифті енгізу жоспарлануда. Электронды билеттендіру жүйесі көлік компаниялардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз етіп, қолма-қол ақша айналымын азайтып, бизнестің көлеңкеден шығуына мүмкіндік береді.Қоғамдық көліктерге Алем Рау электронды билеттендіру жүйесі енгізілді.

Жалпы қала аумағындағы 64,5 шқ құрайтын 54 көшеге аяқжол (тротуар) құрылысын іске асыру жоспарланған болатын.Соның, қазіргі уақытта 41 көшесінде (48,7 шқ) құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, құрылыс жұмыстары басқа көшелерде жалғасуда. 

Реті келгенде мұны да айта кетейік, қала аумағындағы қоғамдық көлік қатынайтын көшелерге 150 дана аялдама нысанын орнату жоспарланған болатын.Қазіргі уақытта 150 орын белгіленіп, 100 дана аялдама павильоны орнатылды. Қалған 50 орында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер