Түркістан қаласы аумағында 38 220 абонент бар. Оның ішінде ауыз сумен 37 655 абонент қамтамасыз етілген. Былтырғы жылы су жинау резервуарлары (Шобанақ, Әкімшілік – іскерлік орталығы) арқылы 56 000 м3 су жиналып, халыққа берілуде. Оның қамту көрсеткіші 82,5 пайыз болса, биыл бұл көрсеткіш 98,5 пайызға жетеді деп жоспарланған. Келер жылы тағы 4-нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Атап айтар болсақ, олар: Мақтазауыт,1-2 мөлтек аудандар, Яссы-Шауғар мен жаңадан қоныстанған аумақтар. Соның нәтижесінде 9461 абонентке жаңа ауыз желісі тартылады және 2023 жылы қаланы ауыз сумен қамту толықтай қамтамасыз етілетін болады.
Реті келгенде айта кетейік, Түркістан қаласы орталықтандырылған кәріз жүйесімен 32,2 пайыз (12 297 абонент) қамтылған. Өткен жылы жылы жоба бойынша қуаттылығы тәулігіне 20 мың м3 сарқынды су тазарту ғимараты іске қосылды. Қабылданып жатқан сарқынды су көлемі тәулігіне 4500 м3. Оның 72 шақырымы магистральды сарқынды су құбырлары қолданыста.
Биыл жалпы 14 жоба іске асырылады деп жоспарланған. Қазір 3 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, 6 нысанның құрылыс жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, 3 нысан қаржыландыруға ұсынылып, 2 нысанның тиісті құжаттары әзірленуде. Осындай шаралар жүзеге асырылған жағдайда биыл қалада кәрізбен қамту көрсеткші – 48,9 пайызға жететін болады деп күтілуде. «2023 жылы ұсынылған жобалар қолдау тапса көрсеткіш 80 пайызға көтерілетін болады», -- дейді сала мамандары.