Халық саны жыл санап өсіп келе жатқан Түркістан қаласында мектептердің санын көбейту және ескі білім ұяларын кезең кезеңімен күрделі жөндеуден өткізу күн тәртібіндегі басты мәселе. Түркістан қаласында қазіргі таңда оқушылары 2 ауысымда оқитын 30 мектеп бар. Ал, одан бөлек 4 мектеп әлі де үш ауысымда жұмыс істеуде. Атап айтар болсақ, олар: Қазыбек би атындағы №14 жалпы орта мектеп, М.Жұмабаев атындағы №15 жалпы орта мектеп, Изатуллаев атындағы жалпы орта мектеп, №23 жалпы орта мектеп.
Бүгінгі таңда Түркістан қаласында бүгінгі таңда мемлекеттік бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдардың саны 34-ке жетті. Оның 26-сы жеке мектеп – 26. Жалпы оқушылардың саны – 50 841.
Өңірде 3 аусымға өту қауіпі бар мектептер қатарында Хамза атындағы №2 мектеп бар. Онда 183 балаға орын тапшылығы байқалады. Сонымен қатар, Ж.Жабаев атындағы №11 жалпы орта мектепте – 151,Н.Төреқұлов атындағы №8 жалпы орта мектепте 520 оқушыға орын тапшылығы байқалады.
Биылғы жылы Түркістан қаласында 2 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Олар: Төле би атындағы №19 және М.Пошанов атындағы №21 жалпы орта мектептер. Одан бөлек қалада күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін 11 мектеп бар.
Сонымен қатар, биыл «Бірлік» шағынауданында 1 жекеменшік мектеп салынуда. Бұдан бөлек алдағы уақытта 9 мемлекеттік мектеп салу жоспарлануда. Бұйыртса, келер жылы республикалық бюджет есебінен 2 мектеп салынатын болады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша 7 мектеп салынады.
Реті келгенде айта кетейік, Түркістан қаласындағы балабақшалар саны 108-ге жетті. Олардың 21- мемлекеттік болса, 87 – жеке меншік.Жалпы балабақшадағы балалар саны – 15 144.Сонымен қатар қаламызда, мектептен тыс 7 мекеме бар. Үйірмелерге қатысатын оқушы саны – 4 556.