Түркістан шаһарының инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән берілуде

Түркістан шаһары облыс орталығы ретінде түрленіп, жаңа бағытта дамудың сара жолын көрсетіп келеді. Күн сайын адам танымастай өзгерген, түлеген қалада тақарылып жатқан жұмыстар легі жетерлік. Мұнда жасалынып жатқан әрбір істің, әрбір харекеттің барлығы көзге анық көрінеді. Көрінеді де барша жұрт сөзден гөрі нақты істердің  жүзеге асып жатқанына қабағат қуанады.

Screenshot_12.jpg

Жалпы қаланың дамуында жолдың маңызы ерекше. Онда көліктердің алаңсыз жүруі, тұрғындардың ойдағыдай жол жүруі секілді көпетеген мәселе маңызды саналмақ. Осы тұрғыдан шаһарда ағымдағы жылы 46,4 шақырымды құрайтын 40 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта 7 көшеде (Қызылкөл, Сарыжылға, М.Төлебаев, Әубәкір қары, Ы.Алтынсарин, Қазыбек би – А.Юсупов аралығындағы көше, Асан қайғы – Құрбан ата аралығындағы көше) орташа жөндеу жұмыстары іске асырылды. Орташа жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін толығымен аяқтау жоспарлануда.

Тұрғындар үшін маңызды саналатын аяқжол құрылысы жайында айтуға болады. Нақтылап айтқанда қала аумағындағы халық сұранысына ие болған, қала тұрғындарының әлеуметтік нысандарға (мектеп, балабақшаларға) қамтамасыз ететін 64,5 шақырымды құрайтын 54 көшеге аяқжол құрылысын жүргізу жоспарланған болатын. Соның, қазіргі уақытта 31 көшесі 100% және 13 көшенің құрылыс барысы 50%-дан жоғарыдеңгейге жетіп, құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. 

Енді осы жоспар бойынша аяқолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Тарқатып айтар болсақ  ең әуелі И.Қожабаев көшесінін 3,6 шақырым аумағында асфальт жабындысы басылып, қалған бөлігінде жол негізін әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, атқарылған жұмыстар: 3,8 шақырымы аяқжол және веложолмен қамтылып, 8,2 шақырым аумағына суағар науа орнатылды. Келесі Қазыбек би – О.Жарылқапов аралығындағы жолдың құрылысы бойынша, қазіргі уақытта жолдың 1,3 шақырым құрайтын аумағында жол негізі әзірленіп, құрылыс жұмыстарына кедергі келтіретін 4 дана трансформаторға уақытша демонтаждау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, құрылыс нысанына қазіргі уақытта жобамен 8 тұрғын үй және 1 жер телімі кедергі келтіріп, осы бойынша мемлекеттік мұқтаждыққа қайтару үшін бөлім тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар Ә.Жангелдинкөшесінде нысан құрылысына кедергі келтіретін инфрақұрылым жүйелерінің құбырларын орын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, орын ауыстыру аяқталған орындарда жол негізі әзірленуде.Қазіргі уақытта нысан бойынша атқарылған жұмыстар: жолдың 2 шақырым аумағы аяқжол және веложол құрылысымен қамтылып, 3,5 шақырым аумағына суаған науа орнатылды. Сонымен қатар, жолдың 1,9 шақырым құрайтын аумағында жол негізі әзірленді.

Аталған 3 нысан келесі жылға өтпелі болғандықтан, құрылыс жұмыстарын 2023 жылы аяқтау жоспарлануда.

Бізге белгілі бір дүние шаһардағы жолдар мен көше бойларын жарықтандырудың маңызды екені. Шаһардың дамуында жарықтандыру жұмыстары да тым қарқынды жүргізіліп келгені жасырын емес. Жарықтандыру жұмыстары бойынша бүгінгі таңда қала аумағындағы 393 көше жарықтандыру жүйесімен қамтылған, бұл жалпы жарықтандырылған көшелер үлесімен есептейтін болсақ 44,9%-ды құрайды. Жалпы 2022 жылы Түркістан қаласы аумағында 176,4 шақырымды құрайтын 142 көшеге жарықтандыру жүйесінің құрылысы жүргізіліп, оның қазіргі уақытта 123,1 шқ құрайтын 93 көшесі толығымен іске қосылды. Қалған, 53,3 шақырымды құрайтын 49 көшені жарық көзімен қамтамасыз ету мақсатында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-імен бірлесе техникалық шарт әзірленуде. Нәтижесінде, жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесі 61,1%-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар, 2023 жылдың соңына дейін қосымша 223 көшеге жарықтандыру жүйесін жүргізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта жоспарға сәйкес құрылыс жұмыстары «Бірлік» тұрғын алқабына қарасты 33 көшеде жүргізілуде.

Қала көшелеріне тас төсеу жұмыстары бойынша да жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр. 2022 жылы қала аумағындағы топырақ жолдардың пайызын азайта отырып, тас төселген көшелердің саны мен сапасын арттыру мақсатында жыл басынан бері 120 шақырымды құрайтын 152 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Тас төсеу жұмыстарымен қала аумағындағы 6 секторда, яғни «Отырар», «Шауғар», «Бекзат», «Яссы», «Сауран», «Бірлік» тұрғын алқаптарындағы топырақ көшелері қамтылуда.  Жыл соңына дейін, қосымша 30 шқ құрайтын 38 көшеге тас төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Келесі назар аударатын сала тұрғындар үшін аялдама нысандары екені айдан анық. Мәселен 2022-2023 жылдар аралығында Түркістан қаласы аумағындағы қоғамдық көлік қатынайтын көшелерге жаңа үлгідегі 150 дана аялдама нысанын орнату жоспарланған болатын. Құрылыс жұмыстары бірінші кезекте қаланың негізгі көшелерінде бастау алып, секторлардағы қоғамдық көлік қатынайтын көшелерінде жалғасын тапқан болатын. Қазіргі уақытта, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру және қолайлы орта қалыптастыру мақсатында 120 дана аялдама павильоні орнатылды. 

Сонымен қатар қоғамдық көлік саласы бойынша жұмыстар легі қарқынды жүргізіліп жатыр. 2022 жылы тасымалдаушы «Жолаушы» ЖШС жаңадан 18 автобус алып, №6 бағыттағы және №10 бағыттағы қоғамдық көліктерді жаңартып, кесте санын толықтырған. Сондай-ақ, жыл соңына дейін қосымша 16 автобус алып, №2А бағытындағы шағын автобустарды сыйымдылығы жоғары автобустарға ауыстыруды жоспарлауда. 

Тасымалдаушы «ТехПрофАвто» ЖШС 10 жаңа автобус алып, №17 және №20 бағыттарға тасымалдауға жүргізді. Жыл соңына дейін, қосымша 20 автобус алып, №16 бағытқа жүргізіп, сондай-ақ, қолданыстағы №18, №14, №20 бағыттарына қосымша кесте қосуды жоспарлауда.

Қорыта айтқанда шаһар дамуының маңызды салалары саналатын жол, жарық, аялдама, аяқжол мәселелері ретімен шешілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер