Түркістанда ғұламалар кеңесінің кезекті мәжілісі өтті

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Түркістан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің ХХXV мәжілісіне қатысты.

Screenshot_21.jpg

Басқосуда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Дархан Қуандықұлына Ғұламалар кеңесінің жұмысы жайлы баяндады. 

Министр бүгінгі таңда мүфтият қоғамда беделді, ықпалды, іргелі құрылымға айналғанын атап өтті. Сонымен қатар Діни басқарма халықты бірлік пен игілікке үндеуде үлкен іс-шаралар атқарып келе жатқанын тілге тиек етті. 

Дархан Қыдырәлі өз сөзінде жастарды деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру, білімді, тәжірибелі діни мамандарды даярлау, медресе-колледждердің оқу бағдарламасын, техникалық базасын жетілдіру, шәкірттерге шешендік өнерді, дін психологиясын үйрету, ақпараттық бағыттағы жұмыстарды жандандыру т.б. мәселелерге назар аударды.

Айта кетсек, Ғұламалар кеңесінің кезекті мәжілісінде «Зейнетақы қоры жинағынан зекет беру үкімі», «Мәйіттің денесін тілудің үкімі», «Сюцайдың шариғи үкімі», «Дәрігердің нұсқауынсыз трамадолды қолданудың үкімі», «Қан донорлығының үкімі» т.б. пәтуалардың мәтіні талқыланды.

Басқосуда бұдан бөлек «Ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы ҚМДБ рөлі», «Бабалар ізімен: Қазақстандағы мұсылмандық мектеп», «Ислам энциклопедиясы» еңбектері мен құжаттардың мазмұны қаралды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер