Шаһарды дамытудың 2-кезеңі басталды

image.png

Түркістан қаласында шаһарды дамытудың 2-кезеңі басталды. Бұл жұмыстар кешенді жоспарға сәйкес 2025 жылға дейін жүзеге асырылады. Ол қандай жұмыстар? Сонымен қатар, екінші кезеңде Мемлекет басшысының тапсырмасына орай қандай жобалар іске асырылмақ? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік. 

Мәселен, дәл қазір Түркістан қаласын дамытудың 2-кезеңі шаһардағы 4 аумақта жүргізіліп жатыр. Алғашқысы әуежай аумағы. Мұнда 12 жоба қолға алынады. Оның ішінде 100 орындық қонақ үй, жеміс бағы, 50 гектар  жерге жылыжай, 10 мың бас ірі қара бордақылау кешені, 1200 бас тауарлы-сүт өндіру фермасы салынбақ. Екінші аумақ әкімшілік-іскерлік орталығы. Мұнда 57 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Қазір «Мұз сарайының» құрылысы жүріп жатыр. Ат спорты кешені, денсаулық сақтау нысандары және 46 мың пәтерлі көпқабатты тұрғын үй салынады. Бұдан бөлек, бірнеше заманауи білім ұясы бой түзейді. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков: 

- Бұл енді бізге мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» аясында 2023 жылдан бастап, 9 мектептің құрылысын жүргіземіз.Осылардың барлығы тікелей Мемлекет басшысының бізге беріп отырған тапсырмасы. Осындағы халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында. Үшінші аумақ Бекзат Саттарханов даңғылының бойы. Шаһарға Шымкент бағытынан кіретін негізгі көше болғандықтан мұнда да бірқатар жоба жүзеге асады. Әсіресе, абаттандыруға ерекше көңіл бөлінбек. 4 жыл бұрын қалада 54 гектар саябақ, аллеялар болса, қазір 524 гектарға жетті. Оның ішінде 256 гектарыигазондар. 700 мың түп ағаш егілген,  -- дейді. 

Ал, «Жасыл Түркістан» мекемесінің директоры Көркемжан Эшметов: 

- 30 парк, 29 жасыл алаңшалар, жалпы саны 248 нысан. Былтыр 300 гектар көгал аумағы болса, биыл 524 гектарға жетті. Жан басына шаққанда әр адамға 200 шаршы метрден келіп тұр. Бұл парктердің саны бойынша Еуропалық деңгейге жетіп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзге асырылып жатқан "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы аясында жыл соңына дейін 130 мың ағаш көшетін егеміз, ал көктемде 200 мың қосымша көшет отырғызамыз. Газондарды көбейтіп, оған қызмет көрсететін мекемелердің сапасын арттыру жоспарланып отыр. Ал  «Мәдени-рухани орталық» аумағында Күлтөбе қалашығының тарихи нысандары қалпына келтіріледі. «Аманат» коттеджі қалашығы мен «Қылует» мәдени-рухани орталығы салынады. Жалпы Түркістан қаласын дамытудың 2-кезеңіне 1,3 триллион теңге инвестиция тарту көзделген. Оның 1 триллионы жеке инвесторлар есебінен жүзеге асады. Ең бастысы, Түркістан мәдениет, спорт, медицина, білім мен ғылым және туризморталығына айналады. Биылғы жылдың 9 айда қалаға 1 миллион  300 мың зияратшы мен турист келген, -- дейді.

Нұрбол Тұрашбековтың мәлімдеуінше, ішкі туризм дамытуға ерекше ден қойылып отыр. «Бұл бағыттағы жұмыстарды да жандандыратын боламыз. Одан бөлек біздің әуежай жақта Шаға, Ескек есу каналымыз бар. Оны да пайдалануға беретін боламыз. Оның барлығы спорт, туризм саласына оң әсерін береді. Мемлекет басшысы Түркістанға жасаған сапарында қаланы одан әрі дамытуды, әсіресе, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуды тапсырды. Қазір шаһардағы 875 көшенің 37% қанағаттанарлық жағдайда. 2024 жылға дейін 100%-ға жеткізуді жоспарланып отыр», -- дейді қала әкімі. 

Айта кетейік, қазір өңірде қоғамдық көлікті жаңарту мәселесі де өзекті. Жалпы тасымалға 220 автобус қажет болса, биыл соның 78-і жаңартылған. Ал келер жылдың соңына дейін 90 пайызға жеткізу көзделіп отыр. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер