Түркістан қаласындағы «Отырар» секторының аумағы 3,4 мың гектарды құрайды. Онда 50 750 тұрғын бар. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтың Қ.Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесуі туралы» жарлығына сай аталмыш сектор тұрғындарымен кездесулерінде жыл басынан бергі 127 мәселе көтерілген болатын. Оның 62-сы орындалды. 9-ы жолға, 12-сі инфрақұрылымға, алтауы қоғамдық көлікке, 15-і абаттандыруға және тазалық жұмыстарына байланысты болған еді. Қазіргі таңда мұнда кездесулерде көтерілген 6 мәселе бойынша жоспарланған жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, тұрғындарға кездесулерде көтерілген 59 мәселенің заңдылығы түсіндірілді.
Қала әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлының мәлімдеуінше Президенттің 1000 мектеп салу тапсырмасы бойынша "Отырар" секторында 2000 орындық 3 мектеп салу көзделіп отыр.
Биыл "Отырар" секторында 1 нысанның құрылысы аяқталды. Соның нәтижесінде 2 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді. Дәл қазір мұнда 2000 абонентті қамтитын 1 нысанның құрылысы жүргізілуде. Тұрғындардың өтініші негізінде 8 трансформатор орнатылды.
«Отырар» секторындағы Шәді ақын көшесінде ауыз су қысымының төмендігі туралы шағымдар түскен болатын. Қазыбек би мен Б.Саттарханов даңғылы арасындағы тұрғын үй массивінің ауыз су қысымын көтеру мақсатында қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталды.
Түркістан облысында тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында аудан, қалалардың елдімекендеріндегі инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән берілуде. Солардың бірі ретінде Түркістан қаласында ауыз су жүйесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала кетейік.
Түркістан қаласы аумағында 38 220 абонент бар. Оның ішінде ауыз сумен 37 655 абонент қамтамасыз етілген. 2021 жылы су жинау резервуарлары (Шобанақ, Әкімшілік – іскерлік орталығы) арқылы 56 000 м3 су жиналып, халыққа берілуде. Оның қамту көрсеткіші 82, 5 пайыз болса, биыл бұл көрсеткіш 98,5 пайызға жетеді деп жоспарланған. Келер жылы тағы 4-нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Атап айтар болсақ, олар: Мақтазауыт, 1-2 мөлтек аудандар, Яссы-Шауғар мен жаңадан қоныстанған аумақтар. Соның нәтижесінде 9461 абонентке жаңа ауыз желісі тартылады және 2023 жылы қаланы ауыз сумен қамту толықтай қамтамасыз етілетін болады.
Реті келгенде айта кетейік, Түркістан қаласы орталықтандырылған кәріз жүйесімен 32,2 пайыз (12 297 абонент) қамтылған. Өткен жылы жылы жоба бойынша қуаттылығы тәулігіне 20 мың м3 сарқынды су тазарту ғимараты іске қосылды. Қабылданып жатқан сарқынды су көлемі тәулігіне 4500 м3. Оның 72 шақырымы магистральды сарқынды су құбырлары қолданыста.
Биыл жалпы 14 жоба іске асырылады деп жоспарланған. Қазір 3 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, 6 нысанның құрылыс жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, 3 нысан қаржыландыруға ұсынылып, 2 нысанның тиісті құжаттары әзірленуде. Осындай шаралар жүзеге асырылған жағдайда биыл қалада кәрізбен қамту көрсеткші – 48,9 пайызға жететін болады деп күтілуде. «2023 жылы ұсынылған жобалар қолдау тапса көрсеткіш 80 пайызға көтерілетін болады», -- дейді сала мамандары.