Қасым-Жомарт Тоқаев: Түркістан-бәріміздің мақтанышымыз

image.png

 «Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер. Осы киелі шаһардың  төл тарихымызда айрықша орны бар. Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – руханиятымыздың мызғымас діңгегі. Сондықтан Түркістанға, жалпы, осы облысқа ерекше мән беруіміз керек. Бұл, ең алдымен, Үкіметіміздің басты міндеті». Биыл Түркістанға жасағ,ан сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деген болатын.  

Мемлекет басшысы қазақ жылнамасына алтын әріппен жазылған көптеген тұлғаларымыздың осында жерленгеніне тоқталып, былтыр қалаға Түркі әлемінің рухани астанасы деген мәртебе берілгенін айтты. Президенттің пікірінше, бұл оқиға Түркістанды тұтас түркі жұрты ерекше қадірлейді дегенді білдіреді.

«Біз киелі шаһарды рухани және тарихи елордамыз десек, дұрыс пайым болатынына күмәнім жоқ. Сондықтан Үкімет таяу арада Түркістан қаласына осындай мәртебе беру мәселесіне қатысты лайықты шешім қабылдайды деп ойлаймын. Қастерлі шаһар көне заманнан бері ұлттың ұясы, қазақтың қара шаңырағы болып келеді. Түркістан осы мәртебелі міндетін қазір де абыроймен атқарып отыр. Сол себепті, мен ата жолын ұстанып, Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын Түркістанда өткізуді ұсындым. Онда ел болашағына қатысты өзекті мәселелерді талқылаймыз», деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.

Рухани астанасы туризмнің орталығына айналдыру мақсатында Республикалық деңгейде іске асырылатын тарихи-мәдени мұраны сақтау бойынша ауқымды жобалар көзделген. Оның ішінде Күлтөбе қалашығының тарихи нысандарын қалпына келтіру, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің аумағын абаттандыру, сондай-ақ «Қожа Ахмет Яссауи», «Жұма мешіті», «Есім Хан» және «Рабия Сұлтан Бегім» кесенелерін және қақпаларын қалпына келтіру жұмыстары іске асырылуда. Нәтижесінде Түркістан қаласына келушілер саны едәуір арта түспек. 

Түркістан қаласының бизнесті қолдау және туризм бөлімінің берген мәліметіне қарағанда,  шаһарда қазіргі таңда жеке инвестиция есебінен қонақ үйлер, демалыс орындары, ойын-сауық орталықтарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан қаласында елімізде баламасы жоқ туристік-рекреациялық орталық салынды. «Түркістан» туристік-рекреациялық орталығы су спорт түрлерімен айналысуға және жағажай туризмін дамытуға бағытталады. Сондай-ақ қалада «Түркістан молл» сауда орталығы, «Отау» сауда орталығы, «Медина Палас» қонақ үйі, «Теннис» орталығы, Бизнес орталықтардың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 

Ағымдағы  жылдың 10 айдағы қорытындысы бойынша келуші және туристер саны 1 368,2 мың адамды құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда (2021 жыл – 1332,6 мың адам) 2,6 пайызға артты.

Түркістан қаласында бүгінде орналастыру орындарының саны (қонақ үйлер, хостел) саны 57-ге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21 пайызға (2021 жылы – 45 қонақ үй) артып, жоғарғы санатты қонақ үйлер саны оннан асты.

Орналастыру орындарындағы номер саны 1191-ді құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда (2021 жыл – 951 номер) 20,2 пайызға артып отыр. Сондай-ақ қонақ үй, хостелдердегі төсек-орын саны 2467-ге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда (2021 жыл – 1944) өсім 21,2 пайызды құрады.

9 айдың қорытындысы бойынша туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 34,65 миллиард теңгені құрады.  

Түркістанда мереке күндері «Керуен сарайда» атаулы іс-шаралар ұйымдастырылып, республикамызбен шетелдің танымал әншілері өнер көрсетіп келеді. Жыл соңына дейін әншілер мен жұлдызды топтардың қатысуымен 17 іс-шара ұйымдастырылмақ. ҚР Үкіметі бекіткен «Халықтың табысын 2025 жылға дейін арттыру жөніндегі кешенді жоспарға» сәйкес «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ тарапынан 25 іс-шараны өткізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта туризм басқармасы «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ-ы және «Керуен сараймен» іс-шаралар тізбесін пысықтауда. Іс-шаралар тамыз айында басталады деп жоспарлануда. Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру және қызмет көрсету сапасын жақсарту есебінен «Керуен сарайға» келетін туристер мен қонақтар ағыны артты. 

Түркістан қаласында Президент саябағы ашылды. Жалпы аумағы 40 гектарға жуық жерде орналасқан Президент саябағында тұрғындар мен қала қонақтарының тынығуына қолайлы жағдай жасалған. Мұндағы жасанды көлдің сыйымдылығы 100 мың текше метрге жуық. Мұнда қайықпен серуендеуге, су спортымен шұғылдануға мүмкіндік бар. Саябақтың ашылуына орай «Түркістан маржандары» мерекелік кеші ұйымдастырылды. Түркістанның жаңа туристік орнына арнайы келген тұрғындар мен қонақтарға Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынды. 

Түркістан қаласында «Президент» саябағы және тұңғыш рет жағажай ашылып, балаларға арналған түрлі ойындар ұйымдастырылды. Сонымен бірге көпшіліктің қатысуымен түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұсынылып, байқаулар өтті. Су айдынында желкенді қайықтар жүзіп, облыстың ескек есушілері өз шеберліктерін көрсетті. 

Облыстық туризм басқармасымен бірлесе отырып, Түркістанда ауқымды Gastro fest Turkistan-2022 фестивалі өтті. Шараның Түркістанның көрнекті белгісіне айналып, өңірдің гастрономиялық брендін қалыптастыру болып табылады. Жібек жолы саябағы аймағында өткен фестивальге 2000-ға жуық қонақ келді. Қаланың 25-тен астам мекемесі гастрофест қонақтарына ұлттық тағамдар, жергілікті дәмді тағамдар, көше тағамдары, десерттер мен сусындар дайындады. Фестивальдің ерекшелігі төл рецепт бойынша дайындалған көше тағамдары форматындағы дәстүрлі тағамдардың тұсаукесері болды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер