Тероризммен күрес жайы талқыға салынды

image.png

«Қаңтар оқиғасын жан-жақты сараптауымыз керек. Бұл қайғылы жағдай бізге үлкен сабақ болуға тиіс.  Осылай деген ­Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жыл басында  «Жаңа Қазақстанды» қалыптастыру үшін қажетті негізгі бағыт-бағдарды белгілеп беріп,  ұлттық қауіпсіздік пен терроризммен күресті күшеуту керектігін де атап өткен болатын. 

Осы орайда  бүгін Түркістан қаласындағы “Ақжайық” музыка мектебінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» №305 қаулысы талаптарын, «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы» қаулысын түсіндіру бойынша мемлекеттік мекеме, әуежай, теміржол вокзалы, мектеп пен балабақша өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. 

Кездесуге Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, Түркістан облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Үсербай Назарбаев, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел уәкілі Исаходжа Елеусізов және Түркістан облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жедел уәкілі Сауранбай Сұлтанбай қатысты. 

Мәжілісте террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес тиісті жұмыстарды профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын ұйымдастыру, терроризмге қарсы қорғалу паспортын әзірлеу бойынша талаптар түсіндірілді. 

Сондай-ақ, осы талаптар қолданыстағы, жаңадан жобаланатын, реконструкцияланатын және техникалық жаңғыртылған жеке меншік және ведомстволық бағыныстылық нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілерге қойылады. 

Сонымен қатар, объектілерге қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы іс-қимыл жасау мақсатында оларды инженерлік-техникалық құралдармен және қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандырудың нормаларын, тәртібін, ТТО объектілерді күзетуді жүзеге асыратын ЖКҰ-на қойылатын міндеттер де ескертілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Су басу кезіндегі эпидемиялық аурулардың алдын алу шаралары
  • Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу
  • Сібір жарасынан келер қауіп көп
  • Сарып ауруынан сақтаныңыз!
  • Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы - аса қауіпті жұқпалы ауру!
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер