Биыл Түркістан жұртшылығымен жүздескен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда қазақ жылнамасына алтын әріппен жазылған көптеген тұлғаларымыздың жерленгеніне тоқталып, былтыр қалаға Түркі әлемінің рухани астанасы деген мәртебе берілгенін айтты. Президенттің пікірінше, бұл оқиға Түркістанды тұтас түркі жұрты ерекше қадірлейді дегенді білдіреді.
– Біз киелі шаһарды рухани және тарихи елордамыз десек, дұрыс пайым болатынына күмәнім жоқ. Сондықтан Үкімет таяу арада Түркістан қаласына осындай мәртебе беру мәселесіне қатысты лайықты шешім қабылдайды деп ойлаймын. Қастерлі шаһар көне заманнан бері ұлттың ұясы, қазақтың қара шаңырағы болып келеді. Түркістан осы мәртебелі міндетін қазір де абыроймен атқарып отыр. Сол себепті, мен ата жолын ұстанып, Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын Түркістанда өткізуді ұсындым. Онда ел болашағына қатысты өзекті мәселелерді талқылаймыз, – деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.
Түркістан – республикамыздағы ең көне қала – оның құрылғанына бір жарым мың жылдан асқан. Қала күні бүгінге дейін сол кездегі сәулет өнерінің барлық сұлулығы мен сән-салтанатын, қасиетті жерлерін сақтап келеді. Тарихи қақпалармен бірге негізгілердің бірін теміржол вокзалы деп атауға болады. Пойыздар туристердің саяхаттарында пайдаланатын негізгі көлік түрлерінің бірі болып табылады.
Түркістан – зияратшылар мен туристер легі суымаған қала. Мұнда жетудің бірнеше жолы бар және теміржол көлігі туризмді дамытуда өте маңызды рөл атқарады. Түркістан стансасындағы теміржол вокзалы 1906 жылы салынған. Бұл Орынбор-Ташкент темір жолының оңтүстік тармағын төсеу кезінде бой көтерген вокзал ғимараттарының кешеніне кіреді.
Түркістан қаласының темір жол вокзалының ауданы революцияға дейінгі кезеңде салынған ең әдемі ғимараттарымен ерекшеленеді. 1980 жылы вокзал ғимаратында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Облыс орталығы мәртебесін алуымен теміржолшылар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Көне шаһарға туристер ағыны көбейіп, тасымалдаушылардың міндеті – жолаушыны шаршатпайтындай саяхаттауға қолайлы жағдай жасау. Қазір мұнда жылжымалы құрам жаңартылуда, билеттерді брондау мен сатып алуды қамтамасыз ететін жаңа технологиялар енгізілуде.
Тоғыз жолдың торабына орналасқан Ұлы Жібек жолының байырғы жүлгесі саналатын Түркістан теміржол вокзалының жұмысы қалыпты жұмыс істеп тұр. Бүгінгі таңда Түркістан теміржол вокзалы арқылы он жұп жолаушылар пойызы республиканың барлық өңірлеріне қатынайды. Түркістан теміржол вокзалы басшылығының айтуынша, Түркістанның бас қақпасы саналатын теміржол вокзалының қала әкімдігінің балансына өтіп, кешен маңын абаттандыру, бас кеңсені күрделі жөндеуден өткізу, барша техникалық қызметтер көрсету жайы жақсарған. Түркі жұртының рухани астанасына айналып келе жатқан Түркістанның жасарып жаңғыруына теміржолшылар да сүбелі үлестерін қосып келеді. Түркістанға ат басын бұрған жолаушыны киелі шаһардың вокзал ұжымы қонақжай пейілмен қарсы алады